Стамбул қаласында өнер және эстетика бойынша жыл сайынғы симпозиум өтті

Стамбул қаласында өнер және эстетика бойынша жыл сайынғы ІV-ші халықаралық ұлттық симпозиум өтті, онда пленарлық отырыста «Музыкалық білім» кафедрасының меңгерушісі, профессор, ҒПБХА академигі Г.А. Хусаинова сөз сөйледі.

«Kazakistan’ ın yüksek eğitim sistemindeki müzisyenlerin yetiştirilmesinde modern yönler» (Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде музыканттарды даярлаудың заманауи аспектілері) тақырыбындағы баяндама түрік тілінде оқылып, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті жағдайында кәсіби музыканттарды даярлау және үздіксіз музыкалық-білім беру жүйесінің ерекшеліктері баяндалды. Мәдениет, өнер және музыкалық білім беру саласындағы заманауи білім беру парадигмасы ашылды. Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, тамаша орындаушы-ұстаз, көрнекті скрипкашы Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваның жетекшілігімен астаналық университетте қолданылатын заманауи білім беру тәсілдері көрсетілді.

27 қараша 2021 жыл