Түркияда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына арналған концерт өтті

2021 жылдың 27 қарашасында Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 – жылдығына арналған қазақстандық музыканттардың концерті аясында Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры, көрнекті скрипкашы Айман Қожабекқызы Мұсақожаева өнер көрсетті.
Ол әлемдік және отандық музыка классикасының туындыларын орындап «SCO Ada Ankara» – Анкараның ең ірі концерт залдарының бірінді жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл концерт дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Еуразиялық симфониялық оркестрімен сүйемелденді.
Сонымен қатар концерт бағдарламасында «Шабыт» домбырашылар ансамблінің орындауында қазақтың дәстүрлі музыкасының күйлері мен сарындары орындалды.
Екі музыкалық ұжым ҚазҰӨУ ректоры – профессор Айман Мұсақожаеваның бастамасымен және қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университетінің аясында құрылды.
Айман Қожабекқызы Мұсахаджаева ЮНЕСКО – ның «Бейбітшілік үшін әртіс» құрметті атағының иегері және есіме «ХХ ғасырдың 2000 аса көрнекті музыканттары» ІВС Бүкіләлемдік құрметті тізіміне енгізілген музыкант ретінде концерттік гастрольдік қызметі арқылы әлемдік музыкалық үдерісіне
үлкен үлес қосуда. Концерттік бағдарламада Айман Мұсахаджаевамен бірге белгілі опера әншісі – баритон Талғат Мұсабаев пен дарынды қазақстандық композитор, халықаралық байқаулардың жүлдегері Рахат – Би Әбдісағын да өнер көрсетті.
Концертті ұйымдастыруға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы бастаған Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі ат салысты.