Қазақстандық музыканттар әлемнің танымал «Berliner Philharmonie» концерт залында өнер көрсетті

2021 жылдың 23 қарашасында Берлин қаласында «Berliner Philharmonie» Берлин филармониясының әлемнің ең танымал және беделді концерт залдарының бірінің үлкен залында «FESTKONZERT» концерті өтті. Әлемдік деңгейдегі қазақстандық музыканттар өнер көрсеткен бұл концерт Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен өтті. Концерт толық залда аншлагпен өтті. Скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Айман Мұсақожаеваның асқан шеберлікпен өнер көрсетуі залда зор қошемет көрсетті. 2440 орынға есептелген әлемнің беделді сахналарының бірінің үлкен залында жиналған көрермен «Астана опера» театрының жетекші опера солистері – Талғат Мұсабаев пен Салтанат Ахметованың өнерін шаттықпен қабыл алды. Сондай – ақ белгілі қазақстандық композитор, халықаралық байқаулардың жүлдегері Рахат – Би Әбдісағиннің де өнер көрсетуі айтулы оқиға болды.

Еуропалық және қазақстандық композиторлардың шығармалары дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Қазақ ұлттық өнер университетінің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалды.

Әлемдік классика шығармаларымен қатар, Қазақстаннан келген домбырашылар ансамблінің орындауындағы домбыраның үні мен қазақтың дәстүрлі музыкасының сарыны концерт тыңдаушыларының жүрегінде үн қосты.