Жантас Еркінұлы І бағыт бойынша гран-при иегері атанды

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қорымен бірлесіп ұйымдастырған қазақ әдебиетінде ерекше орны бар көрнекті жазушы-драматург, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың 65 жылдығына орай «Рахымжан Отарбаев шығармашылығы: дәстүр мен жаңашылдық» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараның соңында «Рахымжан Отарбаев драматургиясын: зерттеу мен зерделеу» республикалық байқауының қорытындысы жарияланды. Қазақ ұлттық өнер университетінің 2-курс студенті, Абай атындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, драматург Роза Мұқанованың шәкірті Жантас Еркінұлы І бағыт бойынша гран-при иегері атанды.
Жантас Еркінұлы, Сізді жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңізге табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR