ҚазҰӨУ жастар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизмнің алдын алу аясында 2021 жылғы 11 қараша күні  Ж.Жабаев ат. үлкен залда республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Олег Синяковпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында дәріскер қатысушыларға деструктивті ағымдардың белгілері және діни экстримизм мен терроризм идеологиясының қауіптілігі туралы ақпараттандырды.

Кездесу соңында іс-шараның барлық қатысушыларына деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру, Қазақстан Республикасының зайырлылық терминін анықтау бойынша үлестірме материалдар, ҚР аумағында тыйым салынған террористік және экстримистік ұйымдардың тізімдері, қарауға ұсынылған діни сайттар бойынша ақпарат, сондай-ақ ҚР нормативтік-құқықтық базасынан үзінділер берілді.

Дәріс барысында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дінтанушыдан білікті жауап алу мүмкіндігіне ие болды.