ҚазҰӨУ студенттер қатарына қабылдау кеші өтті

2021 жылдың 10 қарашасында Ж.Жабаев атындағы залда жыл сайынғы студенттер қатарына қабылдау өтті. Қатарға қабылдауды ұйымдастырушы ҚазҰӨУ Жастар ісі жөніндегі комитеті.

Осы жылдың тақырыбы ретінде Кеңес Одағы таңдалды, бұл сол кездегі ностальгиялық атмосфераға енуге мүмкіндік берді.

Бірінші курс студенттері дирижер Ербол Нұрболатұлы Мамырбаевтың жетекшілігімен ҚазҰӨУ үрмелі оркестрінің сүйемелдеуімен қызыл кілеммен жүріп өтті.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Тастемір Акулан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Талғатұлы Мағзұм қатысты.

Мерекелік концертте университеттің эстрадалық өнер, халық әні, халық орындаушылығы, вокалдық өнер, драма театр және режиссура актерлері, музыкалық-драма және қуыршақ театрының өнері, сондай-ақ сценография және киім дизайны кафедрасы сияқты түрлі кафедраларының студенттері өз шығармашылықтарын көрсетті.

ҚазҰӨУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің, сондай-ақ бірінші курс студенттерінің сапалы атқарған жұмыстарының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өтті, бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмай, барлығына үлкен мереке сыйлады!