Кескіндемеші – суретші Мұхтар Байбосынның «Көңіл ажары» атты жеке шығармашылық сурет көрмесі ашылды

2021 жылдың 2 қараша жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласында Бірлескен мұражайлар дирекциялар көрме залында ҚазҰӨУ «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының доценты, суретші – кескіндемеші, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі – Мұхтар Байбосынның «Көңіл ажары» атты жеке шығармашылық сурет көрмесі ашылды.

Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігің 30 жылдығына арналады. Алғы сөз және жылы лебіздерімен Дирекция жетекшілері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері және ҚХР радиоарна директоры тұсауын кесіп, көрмені ашты.

Көрме залында автордың 33 көркем сурет туындылары, оның ішінде қазақтың ән және күй музыкалық мұрасы арналған тақырыптық композициялар және Қазақстанның әсем табиғатының көріністері бар пейзаждармен  қатар түрлі натюрморттар жұртшылық назарына ұсынылды.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR