«Ұйқыдағы арудың оянуы» деректі фильмінің әлемдік жетістіктері

Киелі Маңғыстау өлкесінің тарихын зерттеп, нақты деректерге сүйене отырып аса мол қазба байлықтары мен географиялық орнының маңыздылығын, аңыздар мен оқиғаларды Әбіш Кекілбайұлы кітап жүзінде қалдырды. Ұлы дананың «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілген осы толықметражды деректі фильм жастардың сауатын ашып, түпкі деректемеге яғни кітапқа қызығушылықтарын оятуға септігін тигізеді.
Осы арқылы туған жеріне деген махаббаты мен патриоттық сезімін ояту, халықтың сауатын ашу көзделді. «Ұйқыдағы арудың оянуы» – деректі фильмінде Маңғыстау өлкесінің табиғаты, тарихи ескерткіштері, сауда жолдары, 60 шақты объектінің барлығы RAW (роу) форматта түсіріліп, архив деректері, академиктер мен археологтардың, тарихшылардың, саяхатшылардың зерттеулері арқылы жасалды. 2020 жылы республикалық үздік жобалардың тізіміне енген деректі фильм АО Хабар агенттігі, Қазақ ТВ арқылы 29 мемлекетте, Еларна телеканалдарында екі мәрте көрсетілді.
Осы жылдың қыркүйегінде Индияда өткен 9 шы халықаралық кинофестивальде 40 мемлекеттің арасында бақ сыналып, соның ішінде «Ұйқыдағы арудың оянуы» үздік деп танылды, Продюсері Оралбек Сарыбасов, қоюшы-режиссері Ақбөбек Тулжан үздік қоюшы-оператор номинациясын Айдос Тұртаев жеңіп алды
Италияда SANDRIO халықаралық кинофестивалінде мазмұны мен кинематографиялық сапасы тұрғысынан «Ұйқыдағы арудың оянуы» деректі фильміне комиссия ерекше қызығушылық танытты. Фильмнің көшірмесін өздерінің қорларында сақтап, Sondrio қалалық кеңесінің құжаттама орталығының мұрағатында коммерциялық емес, білім беру, мәдени және ғылыми қолдану салалары бағытында көпшілікке тегін көрсетуге Sondrio фестивалінің президенті Марселла Фратта шешім қабылдады.

Сертификат

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR