Маусымның әлемдік музыкалық оқиғасы

2021 жылғы 8 қарашада Дубай қаласында «Believe» әлемдік турнесі аясында опера сахнасының ұлы әншісі және классикалық музыка орындаушысы Андреа Бочеллидің концерті өтеді.
ЮНЕСКО – ның «Бейбітшілік үшін әртіс» құрметті атағының иегері, скрипкашы, Мәдениет қайраткері, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаеваның басшылығымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Дубай қаласының беделді Джумейра ауданының ашық алаңында Андреа Бочелли өнер көрсетеді.
Атақты итальяндық тенордың Қазақстаннан симфониялық оркестрмен бірге өнер көрсетуі «Parus» V Халықаралық музыкалық фестивалінің басты мәдени оқиғасы болады.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің құрамында халықаралық конкурстардың лауреаттары болып табылатын, керемет виртуозды орындау техникасы мен бай дыбыстық палитрасы бар жоғары кәсіби музыканттар өнер көрсетеді. Оркестр әлемнің ең беделді музыкалық сахналарында сәтті өнер көрсетуде үлкен тәжірибеге ие.
Дубай – Андреа Бочелли Дүниежүзілік EXPO көрмесіне орайластырылған мәдени іс-шаралар шеңберінде өтіп жатқан тарихи концертте әлемдік опера классикасының жауһарларынан құралған партияларды, сондай-ақ өзінің жаңа «Believe»альбомынан әндерді орындайды.
Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің музыканттары күн сайын концертке дайындалу үшін қызу дайындықтар жүргізуде.
Маэстро Бочелли мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестріне табысты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!