ҚазҰӨУ студенті Мектепбаева Асель «Nomad Power Award 2021» форумының  үш  жүлделі орындардың жеңімпазы атанды

ҚазҰӨУ студенті Мектепбаева Асель «Nomad Power Award 2021» форумының  үш  жүлделі орындардың жеңімпазы атанды

Қазақ Ұлттық өнер университетінің Көркем өнер факультетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының «Металл және басқа материалдарды көркем өңдеу» мамандануының 4 курс студенті Мектепбаева Асель АҚШ бас консулдығы  және ҰКП «Атамекен» ұйымдастырған «BORN NOMAD Power Award 2021» фестиваль – форумының «Жас дарын» және «Инновация»  номинациялары бойынша I  орын және негізгі Гран – ПРИ байқауының II орнын жеңді. Форум – фестиваль 2021 жылдың қазан айының 28 – ші жұлдызында Түркістан қаласындағы «Керуен Сарай» кешенінде өтті. Фестиваль барысында қатысушыларға іскерлік оқу курстары ұйымдастырылып, бағдарлама 2000 астам қолөнер шеберлерін қамтыды.

Алматы қаласындағы АҚШ бас консулы – Кэролайн Сэвидж ханым iс-шараны құттықтау сөзімен ашты. Фестиваль форумының міндеттерінің бірі – шығармашылық индустрияны  және әйелдер кәсіпкерлігіне баса назар аудару болды. Фестивальдің жеті номинацияға арналған байқау бағдарламасына сән-қолданбалы өнер саласының 350 шебері қатысты.

Жүлделі  орын үшін Әсел Мектепбаева «Айнур Тұрысбек» және «Kaзахювелир» компаниясымен ынтымақтастық құқығына ие болды және  «Aika Alemi» дизайн маманынан тәлімгерлік бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алды.

Диплом

Диплом