ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы өткізілетіні туралы хабарлайды

Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістіктер көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрамы қатыса алады.

Конкурс екі кезеңнен тұрады:

2021 жылдың 1-15 қарашада жоғары оқу орындағы кезең;

2021 жылдың 17 қарашадан республикалық кезең.

Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді. Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді.

Бақылау күндері

1 – 6 қараша 2021 жылы – ҚР БжҒМ АЖ-ға үміткерлер құжаттарды толық жүктеу;

7 – 9 қараша 2021 жылы – сараптама тобының жұмысы;

10 қараша 2021 жылы – сараптама тобының қорытындысы;

11 қараша 2021 жылы – сараптама тобының қортынды нәтижелерін университетішлік комиссияға ұсыну;

11 қараша 2021 жылы – университетішлік комиссия отырысы;

12 қараша 2021 жылы – комиссия шешімін университет сайтында жариялау;

13 қараша 2021 жылы – үміткерлердің өтініштерін апелляцияға ұсыну және апелляция комиссиясының жұмысы;

15 қараша 2021 жылы – «ЖОО Үздік оқытушысы» конкурсының 2-ші республикалық кезеңіндегі үміткерлердің құжаттарын (ҚР БҒМ) өткізу. Ескертпе: Үміткерлер және жауапты тұлғалар көрсетілген мерзімді ескерулері қажет.