ҚР Халық әртісі Айман Мұсахaджаеваның орындауындағы D-dur скрипка концерті өтті

Күні кеше елордалық тыңдарман “Qazaqstan” концерт залында өткен, ұлы композитор Л.Бетховеннің туындыларына қанық болды. ҚР Халық әртісі Айман Мұсахaджаеваның тамаша орындауындағы D-dur скрипка концерті, сонымен қатар, дирижер, Ресей Халық әртісі Владимир Вербицкийдің басқаруымен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрдің орындауындағы 4 симфония тыңдарманға тарту етілді.