«New Music Generation 2021» III халықаралық композиторлар байқауы басталды

Қымбатты əріптестер!

«New Music Generation 2021»

III халықаралық композиторлар байқауының қатысушылары!

Австрия, АҚШ, Аргентина, Армения, Беларусь, Бельгия, Греция, Жапония, Израиль, Индонезия, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ливан, Мексика, Молдова, Нидерланд, Өзбекстан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Түркия, Түрікменстан, Украина, Ұлыбритания, Франция, Чехия, Швеция сынды əлемнің 35 елінен 213 партитура түсті. Бұл бүкіл əлемнің музыка мен мəдениет кеңістігіндегі бірегей оқиға!

Конкурстың Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында (2021 жылғы 25-29 қазан) өтуінің ерекше мəні бар. Осындай іс-шараның өткізілуінің өзі еліміздің əлемдік қоғамдастықтағы беделінің өсуінің көрсеткіші!

Байқау ұсынылған бағыттар спектрінің кеңдігімен ерекшеленеді. Басқа ерекшелігі — анонимділік (барлық қатысушылар өз партитураларын аты- жөнімен емес, жеке ұран-құпиясөзімен ұсынады), бұл жұмыстарды қарау кезінде əділдік пен бейтараптылықты қамтамасыз етеді. Байқау жеке тұлғалардың ғана емес, бүкіл мəдениеттің дамуына қуатты серпін болуды көздейді.

Композиторлық өнер — мəңгі құндылық, адамзаттың мəдени мұрасының бет-бейнесі! Байқау жаңа таланттарды қолдау мен табуға арналған.

Классиканың эволюциялық дамуы заманауи академиялық музыка — байқаудың ерекше назарында. Заманауи академиялық музыканың дамуы бүкіл өркениеттің дамуындағы маңызды кезеңдерді көрсетеді!

Биыл жоғары беделді қазылар алқасы құрылды: Иван Феделе (Академия Санта-Чечилия, Рим) жəне Алессандро Сольбиати (Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясы) — Италиядағы жаңа музыканың дамуының драйверлері, еуропалық авангардтың көрнекті тұлғалары; Юрий Каспаров (П.И.Чайковский атындағы Мəскеу консерваториясы) — əлемде құрметке ие болған ұлы орыс композиторлық мектебінің тіректерінің бірі; Мартан Лоридан — француз композиторы, жаңа музыканың көшбасшыларының бірі; Эрнест Хётцл мен Джин Бэк — атақты дирижёрлар, профессорлар.

Қатысушыларға сəттілік, сабырлық пен шабыт тілеймін!

Рахат-Би Абдысагин Көркемдік жетекші Қазылар алқасының төрағасы