ҚазҰӨУ «Жастар жалыны» фестивалінде 2 орынға ие болды

Нұр-Сұлтан қаласында “Жастар жалыны” байқауы өтті. Аталған байқауға жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Өнер сайысында қаламыздың ең дарынды, талантты жастары бақтарын сынады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазақ ұлттық өнер университеті 2-орынға ие болды.

Аталмыш номинациялар нәтижесі бойынша ҚазҰӨУ жастары:
1. «Айтыс» – 1 орын Ақбота Манарбекова, жетекшісі Қайназаров Е.Ә.;
2. «Сурет салу» – 1 орын Аруай Тасмағанбетова
3. «Жастар Қуаты» – 2 орын, дайындаған Жолумбаева С.К. , жетекші М.Өтекешева және А.Омар «Драма театр артісі» 1 курс студенттері.
4. «Эстрада» – 3 орын трио – Мөлдір Төлебекова, Балауса Қалмұрза, Гүлдара Тілекова, жетекшісі Самидинова Б.С.
5. «Поэзия» – 2 орын Нұрдәулет Өмірбеков, жетекшісі Қайназаров Е.Ә.