Вологда шілтерінің ерекше тоқу түрі бойынша мастер-класс

2021 жылдың 14 қазанында Вологда шілтер мұражайының аға ғылыми қызметкері, Вологда облысының шілтер тоқу көркем халық кәсіпшілігінің шебері Луиза Селянина Қазақ ұлттық өнер университетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының «Көркем тоқыма» мамандығының оқытушылары мен студенттеріне мастер – класс өткізді.

Шеберлік – класс барысында ҚазҰӨУ Көркем өнер факультетінің студенттері мен педагогтары Ұлттық музейдің көрме Вологда шілтерлі  туындылар залында көлөнер тарихы туралы дәріс тыңдады, өру негіздерін зерделеді, шілтер шеберінен өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Бұл шеберлік – класс осы уақытта 17 қазанға дейін Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері бағдарламасының арқасында өтті.

2021 жылдың 12 қазанында ҚР Ұлттық музейінде ашылған Вологда мемлекеттік тарихи – сәулет және көркем мұражай – қоры ұсынған «Вологда шілтері» көрмесі осы аптаны ашты. Көрменің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нүркиса Дәуешев, РФ Мәдениет министрінің орынбасары Ольга Ярилова, Вологда облысы мәдениет және туризм департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Шевцов, ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты.

Көрмеде 50 – ден астам жұмыс ұсынылған-бұл шілтерлі панно, майлықтар, дастархан, киім заттары.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR