Манат Cағындықұлы бейнелеу өнері туындылары байқауының жеңімпазы атанды

«Ежелден еркебұлан Қасым едім…»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қазақтың ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған бейнелеу өнері туындыларының облыстық онлайн байқауының жеңімпазы болып ҚазҰӨУ колледжінің «Сценография, сәндік өнер, кескіндеме және мүсін» ПЦК оқытушысы, белгілі қазақстандық суретші – график, ҚР Суретшілер одағының мүшесі – Аманбаев Манат Cағындықұлы атанды.

«Қыран қанатты Қасым» атты байқауды Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы және Қарағанды облыстық бейнелеу өнер мұражайы ұйымдастырды.

Қасым Аманжолов (1911-1955 жж.) – қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны. Оның көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармашылығы, негізінен, поэзиялық туындылардан тұрады. Ақынның әдеби мол мұрасын 7-8 поэмасы мен алуан тақырыптағы лирикалық өлеңдері құрайды. Сонымен қатар көркем аударма өнерінің де үздік шебері, ол орыс, батыс пен шығыс поэзиясының классикалық туындыларын қазақ тіліне шебер аударды.

Суретші Аманбаев Манат «Қасым Аманжолов – Өзім тұралы» (граттография техникасы, 57 см.* 72 см.) атты графикалық туындысы үшін байқаудың І дәрежелі дипломының иегері атанды.

Байқаудың жеңімпазы Манат Аманбаев станоктық және кітап графика саласында, линогравюра және офорт техникаларында жұмыс жасайды. Оның графикалық шығармаларының негізгі тақырыбы – ежелгі заманнан бүгінгі күнгі дейінгі Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, аңыздар мен дастандары, тарихи оқиғалар және тұлғаларына арналады.

«Қыран қанатты Қасым» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған картинаға Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі арқау болды.

«Қасым Аманжолов – «Өзім тұралы»

Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.

Біреуге аспандағы асылымын

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,

Көрініп көленкесі келбетімде,

Қай жерде үзіледі қайран сапар,

Түйін боп өмірімнің бір шетінде…

Дүниеге келер әлі талай Қасым,

Олар да бұл Қасымды бір байқасын.

Өртке тиген дауылдай өлеңімді

Қасымның өзі емес деп кім айтасың!