Қазақстандық «New Music Generation 2021» байқауы бүкіл əлемнің жас композиторларын қызықтырды

Қазақстанның заманауи классикалық музыка əлеміндегі бірегей оқиға!

Қазақстандық «New Music Generation 2021» байқауы бүкіл əлемнің жас композиторларын қызықтырды.

«New Music Generation 2021» III халықаралық композиторлар байқауына биыл өтінімдердің рекордтық саны жиналды! Конкурс 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында өткізіліп келеді жəне Қазақстанның мəдениет пен композиторлық мектебі əлеміндегі ең ірі оқиғалардың бірі. Ол ҚР Тəуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіледі.
Жылдан жылға ұсынылған партитуралар мен елдер саны артып келеді. Осы жылы ұйымдастырушыларға Австрия, АҚШ, Аргентина, Армения, Беларусь, Бельгия, Греция, Жапония, Израиль, Индонезия, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ливан, Мексика, Молдова, Нидерланд, Өзбекстан, Польша, Португалия, Ресей Федерациясы, Румыния, Сербия, Түркия, Түрікменстан, Украина, Ұлыбритания, Франция, Чехия, Швеция сияқты əлемнің 35 елінен 213 партитура түсті.
Байқау 2021 жылы қазанның 25-29 аралығында онлайн-форматта өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы — ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер университеті. Көркемдік жетекшісі — Рахат-Би Абдысагин.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: қазіргі заманауи академиялық музыканы танымал ету; жас композиторлардың шығармашылығын қолдау; жаңа таланттарды анықтау мен олардың шығармашылығын ынталандыру; ұлттық жəне əлемдік композиторлық мектептердің дамуы мен əлемдік қоғамдастық жүйесінде Қазақстанның мəдени имиджінің одан əрі нығайуына үлес қосу.
Байқаудың ерекшелігі — анонимділік (барлық қатысушылар өз партитураларын аты-жөнімен емес, жеке ұран-құпиясөзімен ұсынады), бұл жұмыстарды қарау кезінде əділдік пен бейтараптылықты қамтамасыз етеді. Лауреаттардың жеке деректері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы шығарылғаннан кейін ғана ашылады.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: Вокалдық шығарма; Камералық шығарма; Симфониялық шығарма.

Байқауға үш жас тобы бойынша композиторлар қатысады:
• Бірінші топ – 20 жасқа дейін (қоса алғанда);
• Екінші топ – 21 жастан 27 жасқа дейін (қоса алғанда);
• Үшінші топ – 28 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда).
Қазылар алқасы қазіргі заманның озық композиторлары, жаңа музыка мен авангардты қалыптастырушылар, көрнекті өнер қайраткерлерінен құралған.