ҚазҰӨУ ректоры Ақыш Қоңыртайұлын туған күнімен құттықтады

Құрметті Ақыш Қоңыртайұлы!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз əлемдік қауымдастық алдында сан салада қарқынды дамуда. Осы орайда Сіз театр мен кино сынды екі алып өзенді бір арнаға тоғыстырып, Ұлы Дала елінің мәдениетін байытуға ұшан-теңіз еңбек сіңіріп келе жатқан қажырлы қайраткерсіз. Сахна төріндегі талай образ арқылы талғампаз көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөлендіңіз. Ғұмыры ізгілікке толы біраз алып тұлғалардың бейнесін шебер сомдап, қазақ кинематографиясының көмбесін толтыруға, шәкірт тәрбиелеудегі орасан зор үлесіңізді қосып келесіз. Тәңір тарту еткен қасиеттің қадірін біліп, ұлт руханиятын жаңа деңгейге көтеру жолындағы еселі қызметіңіз үшін Сізге жеке өз атымнан жән Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымы атынан алғыс айтамын.
Алдағы уақытта да елдің есінде сақталатын туындыларыңыздың көп болуына тілектеспін. Осы жолда қанатыңыз талмай, қажыр-қайратыңыз арта берсін.
Осынау ерекше сəтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, қызметте табыс, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дəулет тілеймін!

ҚазҰӨУ ректор, профессор,
Әлем әртісі Айман Мусахаджаева

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR