ҚазҰӨУ ұстазы «Көсбасшы-педагог» VI – ші Ұлттық премиясының жеңімпазы атанды

Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиевна «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының оқытушысы және ҚазҰӨУ мектебі мен колледжінің «Бейнелеу өнері» ПЦК – ның оқытушысы «Көсбасшы – педагог 2021» Халықаралық конкурсының VI Ұлттық премиясының жеңімпазы атанып, І-деңгейлі дипломды иеленіп, бағалы сыйлыққа ие болды.

Конкурста іріктелген 10 ұстаздың ішінде өнер саласын таныстырған Гульнар Маханбетхалиевна болды. Сыйлық ретінде Варшава қаласына жолдаманы жеңіп алды.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының және «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар Академиясының» ұйымдастыруымен өткізілген байқау.

Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиевна талантты суретші-акварелист, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, (Франция) Мондиаль Арт Академиясының мүшесі.

Біздің ұстазды «Көсбасшы –педагог 2021» Ұлттық премия иегерін осы құрметті атағымен құттықтаймыз, зор жетістіктер тілейміз!

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR