Бибігүл Төлегенова атындағы XI халықаралық вокалистер байқауының ашылу рәсімі

Бибігүл Төлегенова атындағы ХІ Халықаралық вокалистер байқауының салтанатты ашылу рәсімі – 2021
2021 жылдың 5-11 қазан аралығында Нұр-сұлтан қаласының ҚазҰӨУ Орган залында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның қатысуымен қазақ бұлбұлының, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенованың шығармашылық қызметінің 70 жылдығына арналған Бибігүл Төлегенова атындағы ХІ Халықаралық вокалистер байқауының ашылуы өтті.

Байқауға қатысуға 60-қа жуық өтінім бүкіл Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдерден (Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) келіп түсті.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпаққа адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, жастардың назарын халық музыкасына және классикалық музыкаға аудару.

Байқауға Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Роза  Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымы мен «Астана Опера» халықаралық опера академиясының көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Тимур Урманчеев (Қазақстан), Мәдениет және өнер саласындағы Литва ұлттық сыйлығының лауреаты, Литва музыкалық-театр академиясының профессоры Ирена Милькявичюте (Литва), Форо Бонапарттағы Музыкалық академияның профессоры, Г.Доницетти атындағы академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі Александр Гусев (Италия), Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Санкт-Петербург консерваториясының профессоры Тамара Новиченко (Ресей), Прага мемлекеттік операсының солисі Дамир Басыров (Чехия), Өзбекстан Республикасының Халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Рамиз Усманов (Өзбекстан) қазылық етеді.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR