«New Music Generation 2021» III халықаралық композиторлар байқауының қазылар алқасы құрамы

Рахат-Би Абдысагин (Қазақстан) — конкурстың көркемдік жетекшісі және қазылар алқасының төрағасы, композитор әрі пианист, 2 опера және 150-ден аса классикалық музыка туындылар авторы, өнертану ғылымдарының магистрі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі, Қазақстанда тұңғыш рет жүргізілген «100 жаңа есім» жобасының ең жас жеңімпазы.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ:

Джин Бэк (Оңтүстік Корея) — дирижёр, Гангбук филармониялық оркестрі (GPO) және Пусан фестиваль оркестрінің көркемдік жетекшісі. Халықаралық Пусан-Мару музыкалық фестивалінің көркемдік жетекшісі. 2004 жылдан бастап Қытай Тяньцзинь симфониялық оркестрінің бас дирижёрі. Дунсео университетінің аспирантурасында дирижёрлік профессор болып жұмыс істейді.

Иван Феделе (Италия) — композитор, Францияның Өнер мен Əдебиет орденінің кавалері, Рим қаласындағы Академия Санта-Чечилия академигі, профессор, композия класының жетекшісі. В 2012-2019 жылдары Венеция биенналесында музыка секциясының басшысы.

Эрнест Хётцль (Австрия) — Eurosymphony SFK бас дирижёрі, Грац музыка университетінің профессоры. Honorary Cross for Science and Art of the Republic of Austra, Gold Merit for Achievements for the Republic of Austria, Gold Merit of the Province of Styria, Grand Merit of the Province of Carinthia атақтарының иегері.

Юрий Каспаров (Ресей) — композитор, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Францияның Өнер мен Əдебиет орденінің кавалері.

Мартен Лоридан (Франция) — композитор, Reinl-Foundation Composition Prize, Prix André Jolivet, Vareler Kompositionpreis конкурстарының жүлдегері. Брюссель корольдік консерваториясының профессоры.

Алессандро Сольбиати (Италия) — композитор, Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясының профессоры. Шығармаларын Stradivarius, Decca, EmaVinciRecords, Limen Music, Bis Records, Tactus компаниялары жариялаған.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR