ҚазҰӨУ Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовке арналған бюст ашылды

Бүгін, Қазаз ұлттық өнер университетінде қазақ халқының біртуар перзенті КСРО халық артисі, Халық қаһарманы, режиссер, ҚазҰӨУ «Драма театр актері және режиссура» кафедрасының негізін қалаушы, профессор Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің құрметіне арналған бюсттің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты жиын Әзірбайжан Мәдиұлы сахналаған Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» трагедиясы мен Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзінді көрсетілді. Университет ректоры, профессор Айман Қожабекқызы құттықтау сөз айтып ықылас гүлін сыйға тартты. Әрі қарай, құттықтау сөз Қазақстанның халық артисі, Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің жары Халиланбекова Қорлан Ықсанқызына және Қазақстанның халық әртісі, «Театр өнері және өнертану» факультетінің ЖАК профессоры Тілектес Уахитұлы Мейрамовқа берілді.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR