ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаеваның жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті

Бүгін, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мусахаджаеваның халық алдындағы жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру барысында университеттегі атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы айтылды. Оның ішінде: Білім беру, Ғылыми жұмыс, шағармашылық, жыл жетістіктері, тәрбие жұмысы т.б.

Білім беру бөлімі бойынша 2020/21 оқу жылы оқушылар мен студенттерге, бүкіл әлем үшін қиын сыннан өтер жыл болғанын бірақ оған қарамастан оқу жылын табысты аяқтап және алғаш рет түлектерге меншікті үлгідегі диплом тапсырылғанын атап өтті.

Жұмыспен қамту

Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша университетте бос орындар жәрмеңкесі жыл сайын өтетіні және де бакалавриат, магистратура  түлектерінің Қазақстан астанасында жұмысқа орналасқандығы айтылды.

  • «Университет түлектеріне өз потенциалын ашуға және бүкіл еліміз бойынша өнерді дамытуға мүмкіндік беру үшін Қазақстанның барлық өңірлерінен жұмыс берушілермен жұмысты жалғастырады» – деді университет ректоры.

Ғылыми жұмыс

ПОҚ ғылыми жарияланымдарының деңгейі айтарлықтай өскен. Сонымен қатар , мұғалімдер Web of Science (Thomson Reuters) және Scopus халықаралық деректер базасына кіретін ғылыми журналдарда мақалалар жариялаған.

Халықаралық ынтымақтастық

Ағымдағы жылдың кезеңінде ҚазҰӨУ 8 елдердің ЖОО меморандумға қол қойып өз шекарасын кеңейткен.

Жыл жаңалығы ретінде ҚазҰӨУ докторанты Димаш Құдайберген «Славян базары 2021» халықаралық байқауы және «Новая волна» байқауларында ең жас мүшесі атанып, қазылық етті. Сондай-ақ, «Славян базары 2021» байқауының Гран-при иегері Рухия Байдүкенованың жеңісі аталып өтілді.

Қорытындалай келе университеттің жұмысы жемісті әрі нәтижеге толы екені айтылды.

Сөз соңында университет ректоры осындай күрделі кезеңдегі табанды да, ынта-жігерлі еңбегі үшін ПОҚ, университет қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Есептің соңы келуші қонақтармен студенттердің дәстүрлі сұрақ-жауап айдарымен жалғасты. ЖОО жұмысына оң баға беріліп, ҚазҰӨУ қызметінің сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар жасалды.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR