12 қыркүйек – Қазақ киносының күні!

Кино – біздің өнердегі ең үлкен серпіліс. Осындай үлкен туындылар жасаған адамдар мақтауға және құрметке лайық.
Алғашқы қазақ киносы ретінде «Амангелді» фильмі саналады.
«Ленфильм» студиясында түсірілген картина ұлт батыр Амангелді Иманов туралы баяндады. Режиссері – Марк Левин, ал Амангелдінің рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады. Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді.
Қазақ киносына елеулі үлес қосқан Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің «Киноөнері және телевизия» факультетінің профессор-оқытушылар құрамын төл мерекесімен құттықтаймыз.
Қазақстан халқын Қазақ киносы күнімен құттықтай отырып, отандық туындылар қатары көбейе берсін деп тілейміз.

Кино саласының барлық майталмандарын мерекемен құттықтаймыз!

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR