ҚазҰӨУ ректоры Әкім Ұртайұлын мерейтойымен құттықтады

                                                          Құрметті Әкім Үртайұлы!

Сізді өзімнің және Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымының атынан 88 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР еңбек сіңген қайраткері, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, Франс Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері, жазушы, драматург, киносценарист, профессор ретінде қазақ елінің мәдениетіне орасан зор үлес қосудасыз.

Сіздің жазушы, драматург, киносценарист ретінде жарық көрген шығармаларыңыз өнер биігінде Үркер жұлдыздай жарқырап, қазақ халқының ыстық ықыласына бөленіп, рухани дүниесінің алтын мұрасына айналып отыр.

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шығармашылық табыстар тілейміз! Әрдайым абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем болсын! 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR