ҚазҰӨУ Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған ПОҚ мен студенттердің онлайн-кездесуі өтті

2021 жылғы 2 қыркүйекте Қазақ ұлттық өнер университетінде Zoom платформасында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған ПОҚ мен студенттердің онлайн-кездесуі өтті. Кездесуді университеттің тәрбие бөлімі «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырды. Онлайн конференцияның модераторы «ӘГП және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Қаудырова Айман Оразғалиқызы болды. Жолдауды талқылау барысында кафедраның аға оқытушысы, PhD Еркеш Қожбанхан «Мәтіннің семантикалық талдауы» тақырыбына қысқаша шолу жасады. Доцент, PhD Ермағамбетова Құралай Сергабылқызының баяндамасы Қазақстанда креативті индустрияны дамытуға және ғылыми жобалармен жұмыс жасауға арналды. Аудиторияны Жолдаудың негізгі қағидаларымен қысқаша доцент Баймұханова Құралай Хасанқызы, аға оқытушы Атанакова Қарлығаш Мұратбекқызы таныстырды. ЗВР мамандығының 3-курс студенті Александр Цветаның баяндамасы аудиторияның ерекше қызығушылығын тудырды, онда ол жаңа мәдениетті және оның талантты өкілдерін ілгерілету мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Президент Жолдауының негізгі аспектілеріне «Музыкалық білім» мамандығының 4-курс студенті Жауарова Аяжан, «Дәстүрлі ән» мамандығының 3-курс студенттері Жұбанова Баян, Сайлау Ақансері өз пікірлерін білдірді.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR