Университетіміздің ПОҚ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жасады. Бұл жолдау президентіміздің үшінші әрі кезекті жолдауы. Университтеттің  мәжіліс залына жиналған оқытушы-профессорлық құрамы жолдауды тыңдап, оған қатысты өз пікірлерін білдірді.
Әдеттегідей, президентіміз жолдадауында бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғап өтті. Жолдау барысында коронакризис кезіндегі азаматтарымыздың өміріне және олардың денсаулығына қатысты мәселелерді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық, цифрландыру, білім,ғылым мәселелеріне басымды көңіл аударды.

Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді. «Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз ету мен тәрбие беруге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз,-деді Қ Тоқаев.

Әлемде қалыптасқан жаһандық экономикалық кризисті басты назарға алған президентіміз еліміздің одан әрі дамуына аса қажетті саяси стратегиялық мақсаттарды алға тартты.

Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру, мамандықты дұрыс таңдауы, олардың жаңашыл бағыттағы жұмыстарына тиісті баға беріп, сыйлықтар тағайындау  секілді мәселелер көтерілді. Осынау адамзаттарға ортақ құндылықтарға жас ұрпақты ынталандыру педагогтар мен жанұяның міндеті. Сондықтан мемлекет педагогтардың мәртебесін арттырып, оларға қолдау көрсете бермекші.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге басымдылық берілген бүгінгі жолдауда қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын, ғылымды дамыту сияқты мәселелермен қатар мәдениет және өнер саласына қатысты мәселелер де сөз болды.

Президентіміз айтқандай «адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады».

Жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы  ретінде біздің міндетіміз терең білімді болу, ерінбей еңбек етіп, жоғары кәсіби деңгейдегі ұрпақты дайындап, адалдық, ұқыптылық, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Біз  сүйікті Отанымыздың болашағы үшін қажырлы еңбек етіп, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз,- деп сенемін.

Айман Мұсаходжаева, Қазақстан Республикасының Еңбек Ері,

әлем артисі, профессор, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR