Құрметті ұстаздар, оқушылар, студенттер және ата-аналар!

Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім күні – жаңа бастамалардың, болашақ пен мүмкіндіктердің символы, барлық ұрпақтарды біріктіретін ең жарқын мерекелердің бірі.

Бүгін, әсіресе, бірінші сынып оқушылары ерекше толғаныс үстінде, себебі, олар бейтаныс әлемге, бірақ, жарқын да, тартымды өмірге қадам басуда.

Біздің құрметті ұстаздарымыз әрдайым олардың қасында болады, барлық күштерін жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсайды, өнер мен шығармашылықтың тамаша әлемімен таныстырады.

Сондай-ақ, бұл – біздің түлектеріміз үшін соңғы оқу жылының басы, олар өздерінің оқуы мен ересек өмірге дайындығын аяқтайды. Олар  болашақта өздерінің үздік қасиеттерімен және кәсіби дамуымен барша ұстаздардың сіңірген зор еңбегін ақтайды деген сенімдеміз.

Қазақ ұлттық өнер университеті – өнер саласындағы отандық жоғары оқу орындарының арасындағы алдыңғы қатарлы университет, әлемдік деңгейдегі ғылыми және білім беру қызметіне белсенді қатысады. Біз білім берудің барлық деңгейлерінде – мектепте, колледжде, бакалавриатта, магистратура мен докторантурада мамандарды дайындаймыз.

Биылғы оқу жылы 90 бала мектепке оқуға түсті, олардың ішінде, 60 –  бірінші сыныпқа қабылданды. Мемлекеттік гранттар бойынша колледжге – 100 студент, 315 – бакалавриатқа, 48 – магистратураға және 8 – докторантураға оқуға түсті. Карантинге байланысты колледжге, магистратураға және докторантураға қабылдау емтихандары онлайн пішімде өтті. Мектепке және бакалавриатқа барлық санитарлық нормаларды қадағалаумен дәстүрлік пішімдегі қабылдау емтихандары өткізілді.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR