Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов, Рухия Байдүкеноваға үлкен сый жасады

Әнші қызымыз Рухия Байдүкенованы,  Алматы обл.әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов “Славян базары” конкурсының Гран при жүлдегерін жеңісімен құттықтап, жас таланттарды қолдап отыратындығын, киелі Жетісу жерінен мықты таланттар шоғырының бой түзеп келе жатқандығын, мәдениет пен өнерге облыс басшылығының қамқорлығы жылдан жылға арта беретінін баса айтты.  Қазақы тәрбие көріп өскен Рухия “ менің бұл жеңісім ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық меретойына арнаған СЫЙЛЫҒЫМ деп Өнер бәйгесінің Статуэткасын (мүсіншесін) туған жеріне тарту етті.  Өнер  мектебінде 7 жыл дәріс берген  ұстазы Әжібекова Серікжамал апай “көзі тостағандай әдемі Рухияның бала кезінен әнге ғашық болып өскенін, басқа балалар аптасына 2-3 рет қана дайындалса, Рухия вокалмен айналысуға күнде келетінін” сүйсіне айтты.                             Жарайсың, Рухия!

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR