Рухия Байдукенова «Славян базары» фестивалінің бас жүлдесіне ие болды

Рухия байқаудың бірінші турында 70 баллдың 69 жинап, екінші турда да үздік өнер көрсетті. Бұл кезеңде вокалистер Президенттік оркестрдің сүйемелдеуімен әйгілі славян әндерін орындады. Байқауға ТМД елдерінің өкілдері ғана емес, алыс шетелдерден келген қонақтар да қатысты, мысалы, кубалықтар мен эквадорлықтар.

Байқауға жеңімпазды дайындаған университеттің «Эстрада өнері» кафедрасы. Оқытушысы Ирина Воловикова.

2015 жылы фестивальде жеңіске жеткен Димаш Құдайберген фестивальдің арнайы қонағы болды.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR