ҚазҰӨУ профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ҚазҰӨУ) профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:

– «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті – 1 ставка.

Кандидатқа қойылатын талаптар: бейнелеу өнері, өнертану, сән, дизайн немесе кез келген көркемдік бағыт бағыты бойынша ғылым кандидаты немесе докторы, PhD докторы дәрежесінің міндетті түрде болуы.

Сондай-ақ, мамандық бойынша бакалавриаттың немесе көркемдік профильдің мамандануы бойынша PhD жүйесі бойынша магистратураның болуы қажет;

– «Кинооператорлық өнер және звукорежиссура» кафедрасының оқытушысы

Үміткерге қойылатын талаптар: жоғары кәсіби білім.

– орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін пәндер мұғалімі-2 ставка.

– ағылшын тілі мұғалімі-2 ставка (жалақысы сақталмайтын бала күту демалысы уақытына).

Үміткерлерге қойылатын талаптар: жоғары кәсіби білім, жаңартылған мазмұндағы курстардан өту құжатының болуы, жұмыс өтілі мен санатының болуы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар (еркін нысанда) ҚазҰӨУ ректорының атына өтініш береді.

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

1) 3х4 суреті бар кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

2) өмірбаяны;

3) жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;

5) ғылыми жұмыстар тізімі мен өнертабыстары (бар болса);

6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 086 нысан бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген).;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті беретін адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық)бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;

9) № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.

Осы тармақта көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну, өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Бос лауазымдар конкурсына өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Қазақстан Республикасы, Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50, 207-кабинет; телефон: +7/7172/70-54-95; эл.пошта kaznam98@mail.ru

Өтініштерді қабылдау 2021 жылғы 15 тамызда аяқталады.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR