ҚазҰӨУ ректоры мен ұжымы Қайрат Әукенұлын туған күнімен құттықтады

Құрметті Қайрат Әукенұлы!

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз ұлттық ән өнерімізді насихаттауға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ағзам абыз, ұлағатты ұстазсыз. Ғасырдан-ғасырға ұласып келе жатқан халқымыздың бай мұрасы – дəстүрлі əндерді жандандырып, талғампаз тыңдарманға нақышына келтіре жеткізіп келесіз. Қазақтың болмыс-бітімін паш ететін туындыларды таныту үшін алыс-жақын мемлекеттерде концерт беріп, ел руханиятын байытуға атсалысып жүрсіз.

Сіздің əнге құмарлығыңыз, қоңыр домбыраға деген махаббатыңыз, бағындырған бел-белестеріңіз шəкірттеріңіз үшін үлгі.

Осынау ерекше сәтті пайдалана отырып, Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат, шығармашылық шабыт, отбасыңызға амандық пен ортаймас несібе-дәулет тілейміз!

Құрметпен, ҚР Еңбек Ері, ЮНЕСКО-ның “Әлем әртісі”, ҚазҰӨУ ректоры, профессор Айман Мусахаджаева және университет ұжымы.

Архив, 2020 жыл
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR