«Ресей театр өнері институты – ГИТИС» және ҚазҰӨУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы  Ресей театр өнері институты-ГИТИС ректоры Г.А. Заславскийді қабылдап, Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларымен бірге кездесу өткізді.
Кездесу барысында көптеген тақырыптар талқыланып, ЖОО арасында меморандумға қол қойылды.

Ұлттық жоғары оқу орындарының ректорлары қатысқан жиында Ресейлік әріптестерімен жан-жақты пікір алмасып, өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында атқарылатын шаралар жайында талқыланды.
Кездесу нәтижесі бойынша «Ресей театр өнері институты – ГИТИС» және Қазақ ұлттық өнер университеті арасында білім беру және мәдени ынтымақтастықты ілгерілету мақсатында Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR