ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаеваның сөзі

Құрметті байқауға қатысушылар, қонақтар, құрметті оқытушылар!
Осындай керемет, шуақты күнде байқауымызды қорытындыладық.
Өзінің даму жылдарында 42 музыкалық колледждер арасындағы орындаушылардың республикалық байқауы еліміздің шығармашыл жастары үшін танымал алаңға айналды!
Біздің еліміз үшін бұл бірегей жоба қазіргі заманғы отандық мәдениетті ілгерілету туралы идеялардың іс жүзінде іске асқанының дәлелі.
Жыл сайын біздің байқау өнер сүйер қауымға біздің жастарымыздың шығармашылық өрнектерінің сан алуандығын, оның биік мұраттар мен жарқын көркем бейнелерге ұмтылысын көрсетеді.
Таланттардың сан алуандығын біріктіру, мәдениеттердің жаһандық диалогына өз үлесімізді қосу біздің басты міндетіміз.
Әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, біз барлық белгіленген жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ете алдық деп деп санаймын. Ең бастысы, олардың әрқайсысына байқау күндері жаңа адал жанкүйерлер мен өз шығармашылығының білгірлерін тапқан ең лайықты үміткерлер қатысты. 31 номинацияның ауқымы өте кең. Әрбір қатысушы өзімен бірге мерекенің бірегей атмосферасын және біздің ризашылығымызды білдіретін көрермендеріміздің жылуын алып кететініне сенімдімін. Барлық қатысушыларға, байқау күндері кәсібилігі мен жемісті жұмысы үшін қазылар алқасының мүшелеріне, қонақтар мен іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.
Баршаңызға жаңа шығармашылық табыс, шабыт, батыл шығармашылық ойлар мен көрермендердің ыстық ықыласын тілеймін!
Сіз өзгешесіз, сіз бірегейсіз. Оттай лаулаған, өз-өзіңізге сенімді күйде қалыңыз.
Өздеріңіздің кәсіби жолдарыңызда тоқтамай алға жылжып, басқа да байқауларда барлығын таң қалдырудан жалықпаңыздар. Сондықтан-сәттілік!
Сіздерді келесі жылы біздің сахнада көруге қуаныштымыз!

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR