ҚазҰӨУ «Уақыт және суреткер» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

2021 жылдың сәуір айының 30 жұлдызында Көркемөнер факультетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасы екінші рет қашықтык форматында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Көркемөнер факультетінің 10 жылдығына және Дүниежүзілік театр күніне арналған «Уақыт және суреткер» атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік  конференциясын өткізді.

Конференцияға Өзбекстан, Ресей, Қазақстан авторларының мақалалары қатысты, ғылыми мақалалардың авторлары Жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары болды.

Осы конференцияда алғаш рет 360-тан астам қойылым сценографиясын дайындаған және әлемнің ең ірі сахналарында, соның ішінде «Астана Опера» театрында жұмысын жалғастырып келе жатқан Италияның белгілі проекция бойынша суретшісі Сержио Металли конференция қатысушыларына құттықтау сөзін итальян және ағылшын тілдерінде жіберді.

Серджио Металли мырза 2021 жылдың 9 наурызан бастап 26 сәуіріне дейін қашықтық форматында ҚазҰӨУ- ің Көркемөнер факультетінің «Сценография» мамандығы бойынша  профессорлық оқытушылық құрамына және студенттеріне «Заманауи сценографияда инновациялық технологияларды қолдану» атты шеберлік дәрістерін өткізді.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің құрамына алғаш рет А.Д.Крячков атындағы Новосибирск Мемлекеттік сәулет, дизайн және өнер университетінің өкілдері – ғылыми-шығармашылық қызмет жөніндегі проректор Родионова Юлия Валериевна, оқу және халықаралық қызмет жөніндегі проректор Инна Вячеславовна Рязанцева, «Өнеркәсіптік дизайн» кафедрасының меңгерушісі Бекк Наталья Викторовна қатысты. Бұл екі университет арасындағы орнатылған серіктестік қарым – қатынастарының куәсі.

Көркемөнер факультетінде ҚазҰӨУ ректоры профессор Айман Қожабекқызы Мұсақожаева атынан берілген сертификаттарын конференция қатысушыларына табыстау рәсімі өтті. Бұл іс-шара 7 мамыр және 9 мамыр – Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні мейрамдары аясында орайластырылды. Сонымен қатар Көркемөнер факультетінің әйелдер қауымы атынан ұжымның ер азамат өкілдеріне Отан қорғаушылар күніне орай естелік сыйлыктар табысталды.

https://drive.google.com/file/d/1FeCxWQbPSwLgFkMuEyYYR-4TvY3LqB29/view

https://drive.google.com/file/d/1WW58f4Im1nT09-SBsjob_FVWm_jUj2l_/view

https://drive.google.com/file/d/1EUIcwrNqFN_-uPEaDGcmRRQ8jzz-D2HU/view

https://drive.google.com/file/d/1nbjkBji-Ts9vCez_6TSCGzbQpoo78PaP/view

https://drive.google.com/file/d/1CZmUXvWg5DmkeAc0-8JyBfQ6J45TB8CL/view

https://drive.google.com/file/d/1PzvDBfnok_6VGQVPgG-CupPxw1cTz68D/view

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR