Музыкалық колледждер арасындағы 42 республикалық орындаушылар байқауының ашылуы

Құрметті байқауға қатысушылар, қонақтар, оқытушылар!⠀

Сіздерді,  Музыкалық колледждер арасындағы 42 орындаушылардың республикалық байқауының ашылуымен құттықтаймын!

Қазақстанның түрлі қалаларынан келген қатысушылар мен қонақтарды Қазақ ұлттық өнер университетінде қарсы алғаныма қуаныштымын!

Ең алдымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне кезекті шараны өткізуде жоғары құрмет көрсеткені үшін алғысымды білдіргім келеді.

Музыкалық колледждер арасындағы 42 орындаушылардың республикалық байқауы.⠀

Байқау 2006 жылы республикалық маңызы бар іс-шара ретінде құрылып өзінің даму жылдарында еліміздің ірі музыкалық байқаулардың бірі ретінде беделге ие болды!

Жас әншілер, музыканттар мен композиторлардың орындаушылары үшін республикалық байқауға қатысу жаңа шығармашылық жетістіктерге ынталандыру, кәсіби қоғамдастық арасында тану мүмкіндігіне айналады.⠀

Біздің университеттің стратегиялық міндеті – болашақта орындаушылық өнердің шыңына жетуге ұмтылатын дарынды балаларды іздеу және іріктеу болып табылады. Біздің талантты жастарымыз еліміздің ұлттық игілігі!

Байқаудың негізгі мақсаты-өнер саласындағы шығармашыл жастар мен дарынды орындаушыларды, шығармашылық тұлғаларды анықтау, ұлы композиторлардың шығармашылық мұрасын насихаттау, олардың орындаушылық шеберлікті дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның назарын аударту.

Фольклорға негізделген академиялық музыканың озық үлгілерін орындау мәдениеттердің өзара кірігуіне, қазақ халқының шынайы сұлулығын ашуға және қазіргі отандық Мәдениетті жаһандық әлемде ілгерілетуге қызмет етеді.

Биыл Музыкалық колледждер арасындағы 42 республикалық орындаушылар байқауы қашықтықтан, заманауи академиялық музыканың түрлі бағыттары бейнежазбалар бойынша өтеді.⠀

Байқау 43 номинация бойынша өткізіледі.

Номинациялар: «Фортепиано», «Ішекті аспаптар», «Үрлемелі және соқпалы аспаптар», «Қазақ халық аспаптары», «Фольклорлық аспаптар», «Фольклорлық ансамбль», «Орыс халық аспаптары», «Эстрадалық музыкалық аспаптар» және ән салу сияқты бағыттарды қамтиды.

Қазылар алқасы ретінде Қазақстанның әлемге әйгілі музыканттары шақырылды!

Байқау республиканың жас орындаушылары арасында танымалдылыққа ие болуда, өйткені бәсекелестік орта дарынды музыканттарға, студенттерге кәсіби орындаушылық шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге үлкен мүмкіндіктер береді!⠀

Музыка тілі адамдардың жүрегін біріктіріп, байқау өз қатысушыларына ұмытылмас әсер мен достық қарым-қатынас сыйласын!

Байқауға қатысушыларға жаңа табыстар мен жаңа жеңістер, өзіне деген сенімділік, сәттілік, мықты денсаулық, бейбітшілік пен амандық, ал тыңдаушыларға сүйікті орындаушыларымен ұмытылмас кездесулер тілеймін! Құрметті біздің музыкалық колледждер арасындағы 42-республикалық байқаудың талантты қатысушылары, бұл сіздің өз музыкалық біліміңізді лайықты түрде көрсетуге, кезекті жеке жеңісіңізге қол жеткізуге және өзіңіздің оқу орыныңызды ең жақсы жағынан ұсынатын кезекті мүмкіндігіңіз!

Байқау сіздің өміріңіздегі нағыз оқиғаға айналып, кәсіби шыңдарды бағындыруға жаңа шығармашылық серпін береді деп ойлаймын!

Сәттілік және шығармашылық табыс тілеймін!

Байқаудың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.⠀

Қазақ ұлттық өнер университеті (ҚазҰӨУ) бүгінде ауқымды білім беру кешені болып табылады және өзін кәсіби музыкалық білім беру, орындаушылық өнер, композиторлық шығармашылық және музыка ғылымы бойынша республикадағы жетекші орталық ретінде танытты!

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR