ҚР 30 жылдығына арналған «Жамбыл және Қазақстандықтардың ерлігі» атты кеш

05.05.2021 жылы сағат 11:00 ZOOM платформасында Қазақ ұлттық өнер университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасы  мен 1курс студенттерінің қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы  қарсаңында  «Жамбыл және Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі» атты тақырыптық кеш өткізілді. Іс-шараны аталмыш кафедраның меңгерушісі, профессор Каудырова Айман Оразгалиевна ашты. Бүгінгі біздің мақсатымыз – Болашақ ұрпақтың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ата-бабаларымыздың асқан ерліктерін ұмытпай, олардан үлгі алып, өз еліне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту; жастарға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің игіліктерін сезіндіру;  Ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың есімін, өшпес ерліктерін насихаттап, жастарды рухтандыру (Жамбыл Жабаев, Бауыржан Момышұлы, Шағила Әкімбайқызы Құсанова, Мадина Ысқақова, Халида Маманова, Зияда Досбергенова т.б.) деп бастады….

Осы кафедраның доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жұмажан Темірболатовна Бектасова Мадина Ысқақова, Халида Маманова, Зияда Досбергенова батыр апаларымызды еске алып, олар туралы тоқтала кетті. Кеңестер одағының батыры Иван Кожедубтың механигі болған Мадина-Мэри Ысқақова 1924 жылы туған. Көкшетау Сандықтау елінің тумасы. Майдан газеттерінде, Зияда Досбергенқызы 1944 жылдың ақпан айында ұрыс даласында атой салып жүрген. Осы жылы наурыздың 9-да 658-ші полк командирі майор Ключанский қол қойған бұйрық шыққан екен. Марапаттау қағазында: «Досбергенова Зоя Досбергенқызы, 1-атқыштар батальонының комсоргі, 658-атқыштар полкінің, Ромодано – Киев Қызыл Тулы 213- атқыштар дивизиясының сержанты ІІ дəрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылды. Ұлты – қазақ. 1943 жылдан ВКП мүшесі, партбилет № 5161350. Ұлы Отан соғысында 1941 жылдың тамызы мен 1944 жылғы ақпанның 8-і аралығында үш рет жарақаттанған. Полесье, Озариевский ауданы, Литвиново селосын азат етуде қаза тапты. Қызыл Армияға Алматының аудандық соғыс комиссариатынан аттанды» делінген. Халида Маманова 1918 туған, Әкесі Есенқұл қажы Мамания мектебін ұйымдастырушылардың бірі болды. Халида Есенқұлқызы Маманова сол мектепте оқыған алғашқы қазақ қыздарының бірі. Алматы медициналық институтын бітірген (1941). 1942 – 46 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери дәрігер болып, мед. қызметтің капитаны атағын алған, 1946 – 51 жылдары Алматы медициналық институтында ассистент, 1951 – 54 жылдары кәсіподақтар жүйесінде қызметкер, 1959 жылдан өмірінің соңына дейін Ақтөбе медициналық институтының (қазіргі Батыс Қазақстан медициналық академиясы, М.Оспанов атындағы) патология кафедрасының (өзі ұйымдастырған) меңгерушісі болды. Негізгі ғылыми еңбектері патолонолог, физиолог мәселелеріне арналған. Халида Есенқұлқызы Маманова әр түрлі ауру кезінде организмде туатын арнайы емес реакцияларға сипаттама берді. Қызыл жұлдыз, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Зияда Досбергенова 1924 жылы Ұзынағаш ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс ауылында дүниеге келген. 1938 жылы дене шынықтыру пәні мұғалімдерін дарярлайтын техникумға оқуға түседі. Бұдан соң 1941 жылы тамыздың 14-нен бастап қаланың №17 жəне №18 мектептерінде аталған пән бойынша оқытушы қызметін атқарады. Техникумда бірге оқыған 9 құрбысымен жұмыс істей жүріп, Ташкенттегі радист-байланысшылар курсын тамамдаған соң, 6 қарашада майданға жолдама алады. Майдан газеттерінде, Зияда Досбергенқызы 1944 жылдың ақпан айында ұрыс даласында атой салып жүрген. Осы жылы наурыздың 9-да 658-ші полк командирі майор Ключанский қол қойған бұйрық шыққан екен. Марапаттау қағазында: «Досбергенова Зоя Досбергенқызы, 1-атқыштар батальонының комсоргі, 658-атқыштар полкінің, Ромодано – Киев Қызыл Тулы 213- атқыштар дивизиясының сержанты ІІ дəрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылды. Ұлты – қазақ. 1943 жылдан ВКП мүшесі, партбилет № 5161350. Ұлы Отан соғысында 1941 жылдың тамызы мен 1944 жылғы ақпанның 8-і аралығында үш рет жарақаттанған. Полесье, Озариевский ауданы, Литвиново селосын азат етуде қаза тапты. Қызыл Армияға Алматының аудандық соғыс комиссариатынан аттанды» делінген.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Кенжебековна соғыс ардагері, анамыз, әріптесіміз, ұстазымыз болған Шағила Әкімбайқызы Құсанова туралы естелік айту –  мен үшін үлкен мәртебе, құрмет деп сөзін бастап кетті… 1998 жылы Айман Қожабекқызының басшылығымен ҚҰӨУ ашылған кезде, музыка өнер  кафедраларынан басқа  үлкен «Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер»   кафедрасы ашылып,  Ш.Ә. Құсанова осы кафедраның негізін қалап,  алғаш  меңгерушісі болды. Осы кезеңде Шағила Әкімбайқызымен бірге, қоян қолтық жұмыс істедік. Ол Шығыс қазақстан облысының тумасы. 1923 жылы 14 сәуірде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан жоғарғы оқу орындарының еңбек сіңірген қызметкері, КСРО ның және ҚР «Білім беру саласының үздігі» дәрежесін  игерген. Шағила апамыздың сырт тұлғасы – аласа бойлы, нәзік, шапшаң, аққұбаша, жинақы, өте сәнді киінетін. Ал ішкі дүниесі өте кең жүректі, тік мінезді, алдына қойған мақсаттарын айқын түсінетін, қайсар,  әскери тәртіпті сақтайтын, бір сөзді әскери мінезді жан болды. Соғыс басталған жылы   ата-анасынан ерте жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленген Шағила  апай 18 жаста ғана болған. Ол әскери комиссариатқа барып, соғысқа сұранған. Комиссар ақылын айтып «жассың, оқуыңды жалғастыр» деп шығарып салмақшы болады… «ОТАНЫМ ОТҚА ОРАНЫП ЖАТҚАНДА, ЖОЛДАСТАРЫМ ҚАН КЕШІП ЖҮРГЕНДЕ, МЕН МҰНДА ТЫНЫШ ҰЙЫҚТАЙ АЛМАЙМЫН…ЕЛІМ ҮШІН ӨЛСЕМ, ӨКІНБЕЙМІН» деп қайсарлық  көрсетеді. Ақыры комиссариат жолдамасымен Ташкентте екі айлық радистер курсын бітіріп, майданның алдыңғы шебіне аттанады. Кішкентай ғана нәзік жас қыз бала 10-15 кг-дық, сым оранған катушкалары бар рациясын арқалап, жарылыстан үзілген сымды тісімен жалғап жүріп, уақытында байланысты қамтамасыз етіп отырған. Сол кездегі сұрапыл соғыстың үмітсіз кезінде эфирдегі Я – ЧАЙКА; Я -ЧАЙКА деген нәзік қыздың дауысын естіген жауынгерлер жігерленіп, өздерін сенімді ұстайтын – делінген ол кісі туралы жазылған  естеліктерде. Осы  отты ұзақ жолда 14- гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында жүріп, Арқасына рациясын таңып, автоматын асынған қазақтың бүлдіршіндей қызы  1941 ж. қыркүйегінен-1945 ж. мамырына дейін соғысып, Берлинге дейін жеткен. Украина, Қырым, Дон, Сталинград бағыттарында соғысып, Польша, Чехословакия, Венгрия, Румыния, Германия жерлерін алуға қатысқан. Осындай  4 жыл бойы өрт пен оттың, жарылыстың арасында, ажал аузында жүріп, бірде бір жарақат алмаған. Ол кісінің немістер үшін танымалдылығы сонша «Фашисты за ее голову предлагали деньги…»  деген де естелік бар….Шағила Әкімбайқызының байланысқа шыққан жерін анықтап, оны жою туралы бұйрық та берілген. Тіпті  соғысқа дейінгі Голощекин гноциті кезінің өзінде отбасының 11 адамы  аштықтан қырылып қалған кезде, Шағила апай аман қалған.      Бұған себеп: Шағила Әкімбайқызының – өмірге деген құштарлығы,  соғыста –  жеңіске деген құштарлығы, Отанға деген сүйіспеншілігі, патриоттық рухы жетелеген. Осы қасиеттерін Бауыржан Момышұлы бағалай отырып, Шағила Әкімбайқызына – «Періште» деп  ат қойып, «Шағила турашылдығың – сенің қалқаның» деп бағалаған екен. Халық жазушысы Ә. Нұршайықов «Майданда батыр, еңбекте  ер»- деген баға береді. Шағила апай өз ерліктері ,соғыс  туралы ешқашан  әңгімелеуді жаны қаламады.  Бар тілегі енді соғыс болмасын дейтін. Соғыс сұрапылын көрген ардагер қыз үшін бейбіт өмірдегі, кедергі- қиындықтар ұсақ түйек болып саналатын. Мен Абайды қашан да шөлдеп оқитын қазақпын. Ақын сөзінен рух, қажыр қайрат аламын, ал Бауыржан Момышұлы – мен үшін ұлтымыздың даналығы дейтін. Ал келіні Айман Қожабекқызын – өнер саңылағы, биік өнер иесі,  қазақ мәдениетінің, қазақтың Айманы деп санаған. Бейбіт кезеңде де Шағила Әкімбайқызы еңбектің алдыңғы шебінде болды. Шағила Құсанова тәлімгер ұстаз, ғалым ретінде  32 кандидат, 7 ғылым докторын дайындап, 6 ғылыми монография, 100 -ден астам ғылыми мақала жазған. Шағила Әкімбайқызы Құсанова  25 рет түрлі ірі  наградалармен марапатталған. Ол кісі 2019 жылы 96 жасында өмірден озды. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын деп сөзін аяқтады.

«Вокал» мамандығы бойынша 1 курс студенттері Хайрулла Айбек пен Киікбаева Әсем Ұлы Отан соғысы туралы шолу жасап, өз ойларын білдірсе, Жалғас Аружан  Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы және қызықты деректері туралы айтып, «Ленинградтық өрендерім» өлеңінің  шығу тарихымен сөзін аяқтады. Тіптен, студенттер Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет пен өнерге де тоқталып өтті…

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Зұлқия Нұрышқызы сабақ беретін топтардың студенттері Достиярова Бекзада «Ленинградцы, дети мои», Каргина Вероника Валерий Лужецкийдің «Әлия» атты тақпағын, Жандос Ануарбек Сәбит Мұқановтің «Бауыржан Момышұлына» арнауын, Хумарбек Маргулан Абдрахман Асылбектің «Батыр баба Бауыржан», Бақтиярова Ұлжан автор Мухамедғалиева Жанардың «Әлия Молдағұлова» жырын, Азатбекұлы Бергенбек Жамбыл атамызға арнағын жырын оқып, қатысып отырған университетіміздің профессорлық-оқушылар құрамы мен студенттерді дүр сілкіндірді. Дүр сілкіндіріп, ой тастады…Отанымызға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім өз жалғасын тапты деп сенемін. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы  қарсаңында  «Жамбыл және Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі» атты тақырыптық кеш «Вокалдық өнер» кафедрасының студенттерінің орындауындағы «Журавли», «День Победы» және т.б. соғыс кезіндегі әндерімен  жалғасып жатты…

Қазақстанның Еңбек Ері, Әлем артисі атанған,  Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мусаходжаева басқарып отырған қара шаңырағымыздың студенттеріне және басқа да жастарымызға сәттілік тілеп, Қазақстан Республикасының туын көкке көтереді деп сенім білдіремін. Осындай мазмұнды шараның өтуіне белсенділік білдірген әріптестерім: Аида Айдархановна, Альмира Сансызбаевна, Құралай Хасановна, Жұмажан Темірболатқызы, Гүлжан Кенжебекқызы, Зұлқия Нурышевна, Айсұлу Дауреновна, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасының барлық оқытушылары мен 1 курс студенттеріне алғысым шексіз…

Автор: «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Оразгалиевна Каудырова.

 

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR