«Жібек жолындағы Туризм» ҚазҰӨУ студенттері мен қызметкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер

«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2021 жылдың 4 мамырында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Ағымдағы жылдың 4 мамырында Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аталған университет пен Қазақ ұлттық өнер университетінің арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Меморандумға ҚазҰӨУ ректоры, ҚР Еңбек Ері, ҚР Халық әртісі Айман Мусахаджаева және Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор Жанар Темірбекова қол қойды.

Ынтымақтастық туралы Меморандум оқыту, зерттеулерді жүзеге асыру және тәжірибе алмасу, практикадан және тағылымдамадан өтуді қамтамасыз ету мақсатында профессорлық-оқытушылық құраммен, қызметкерлермен, білім алушылармен (студенттермен, магистранттармен, аспиранттармен, докторанттармен) алмасуды көздейді.

Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу күтілуде.  Бұдан басқа, құжатқа сәйкес Орталық Азия өңірінде мамандар мен студенттерді тарта отырып, туризм индустриясы мен қонақжайлылықты дамыту саласында бірлескен конференциялар, академиялық кездесулер, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары өткізіледі.

Осы Меморандумға сәйкес зерттеулер жүргізу үшін ғылыми мектептерді, орталықтар мен зертханаларды ұйымдастыруға және олардың жұмыс істеуіне, мамандар мен білім алушыларды тарта отырып, жобаларды коммерцияландыруға, сондай-ақ халықаралық, мемлекеттік, қоғамдық және жеке қорлар мен ұйымдар жариялайтын ғылыми гранттарға бірлесіп қатысу мүмкіндігі пайда болуы әбден мүмкін.

Құжатта «Жібек жолындағы Туризм» жалпы жобалық зерттеулерді жүзеге асыру үшін әр университетте «ТУРИЗМ» кафедрасын құру қарастырылған.

Ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес бірлескен оқу жоспарлары Болон процесі мен UNWTO, ISO, TedQual стандарттарына сәйкес құрылатын болады.  Сонымен қатар, құжат серіктес университеттің мерзімді басылымдарында профессор-оқытушылар құрамы мүшелерінің, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және университет қызметкерлерінің мақалаларын, баяндамаларын және басқа да ғылыми еңбектерін жариялауды қарастырады.

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR