ҚазҰӨУ ректоры мен ұжымы Гульзада Ануарқызын туған күнімен құттықтайды

Құрметті Гульзада Ануарқызы! Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры және ұжымы Сізді туған күніңізбен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, бақыт және шығармашылық табыс тілейміз! Өміріңізде әрдайым қуаныш пен махаббат сәулелері жарқырап, әр таң сізге күш пен шабыт әкелсін, әр күн сәттілік пен бақыт сыйласын. Жинақталған өмірлік тәжірибеңіз Сізге жаңа биіктерге жетуге көмектессін. Ғұмырыңыз мәнді, өміріңіз сәнді болсын!