Біздің мақтанышымыз!

Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры бүгінде шығармашылық биік белестерді бағындырып келеді. 2018 жылы туын тіккен бұл өнер ұжымы аз уақыттың ішінде  М.Фрейн «Театр 180°» /комедия/, М.Камолетти «Мерекелік меню» /комедия/, Б.Томас «Чарлейдің әпкесі» /комедия/, У.Шекспир «Ричард ІІІ» /реквием/, Қ.Шайхисламұлы «Қыз Жібек» /лиро-эпос/, М.Мақатаев «Қош, махаббат» /мелодрама/, Д.Исабеков «Әштен» /комедия/, Р.Киплинг «Маугли» /ертегі/, М.Әуезов «Жас Абай» /драма/, Д.Исабеков «Тыныштық күзетшісі» драма, О.Бөкей «Ауыл хикаялары» /драма/ спектакльдерін көрермен назарына ұсынып үлгерді. Аталған театр ұжымының әсіресе шығармашылық құрамның артистері Қазақ ұлттық өнер университетінің түлектері екендігін атап айтқымыз келеді.

2014-2018 жылдар аралығында «Актер өнері және режиссура» кафедрасының «Музыкалық театр артисі» мамандануының студенттері Ә.Мәмбетов атындағы оқу лабораториясын құрып, өнер шеберханасында шыңдалды. Курс жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қамиев Сайлау Ғалымжанұлы, курс кураторы – «Драма театр актері және режиссура» кафедрасының меңгерушісі Бірімқұлов Ернияз Рысқұлұлы.

Студенттер университет қабырғасында оқып жүріп қоғамдық жұмыстарға, мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып сонымен қатар бірқатар шығармашылық байқауларға қатысып қанжығасын майлап қайтты.

– 2016 ж. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында өткен пән аралық олимпиадасында У.Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедииясымен ІІ-орын;

– 2017 ж. Режиссер Рүстем Есдаулетов атындағы І – Республикалық Жастар және Студенттер театр фестивалінде Бас жүлде;
Аталған курс дипломдық жұмыстарға Ғабит Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» /саундрама/,  Исраил Сапарбай «Шәмші» /музыкалық драма/, Жерар Пресгюрвик «Ромео мен Джульетта» /мюзикл/, Робер Тома «8 айел – ол жалғыз» /детективті драма/, Марк Камолетти «Мерекелік меню» /комедия/ спектакльдерін сахналап мемлекеттік аттестаттау комиссияның жоғары бағасын алды. Дипломдық спектакльдерді тамашалауға келген қалалық және облыстық театрлардың басшылықтарынан көптеген шақыртулар алды. Солтүстік Қазақстан облыстық  С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрына жолдама алып екі түлек аттанды. Басқа түлектер бағытын Нұр-Сұлтан қаласындағы Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрына бұрып өнер әлеміне бойлап кетті.

С.Қамиев және Е.Бірімқұлов  шеберханасынан тәлім алған түлектер Ағымбай Айша Еркебұланқызы, Асқарбеков Бейбарс Бақбергенұлы, Айымғазы Еңілік Ерболқызы,  Байболатова Айбану Өскенбайқызы, Бидахметов Әли Дәулетбекұлы, Валиева Альбина Ерікқызы, Жанзакова Аида Каржаубаевна, Қалдар Әли Жарасұлы, Макежанова Акбота Болатовна, Муслимов Нуржигит Акилбекович  бүгінгі таңда жас театрдың негізін қалап, театрдың кемелденуі үшін барын салып, қызу жұмыс атқаруда. Сонымен театр ұжымы ҚазҰӨУ келесі толқын түлектерімен толығып, Алпысбаева Лаззат Қайратқызы – әдебиет және ақпарат бөлімінің жетекшісі, Қарекенова Дилара Талғатқызы – хормейстер, Шалғымбаева Аягүл Кәрімжанқызы – гример, Виноградов Александр Андреевич  – хореограф, Даулетхан Алуа Аскатқызы – костюмер, Иса Ауғантай – актер, музыка өңдеуші, Қуандық Бақтияр Нұрсұлтанұлы – актер, Әли Ризабек Маратұлы – актер, Көпбосынов Ілес Қазкенұлы – актер, Сабитов Ерганат Темирболатович – актер өнер ордасының тынысын кеңейтіп келеді.

«Музыкалық-драма және қуыршақ театр өнері» кафедрасы, «Музыкалық театр артисі» мамандануының 3 курс студенттері Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында бірқатар спектакльдерге қатысып тәжірибеден өтуде, курс жетекшісі Қамиев Сайлау курс кураторы Бірімқұлов Ернияз.

2019 жылы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының ХХVІІ республикалық фестивалінде  М.Фрейн «Театр 180°» комедиясымен «Үздік дебют» және «Ең үздік екінші пландағы әйел бейнесі» номинациялары бойынша марапатталды. Сонымен қатар театр ұжымы көптеген Республикалық театр фестивальдеріне қатысып, патша көрерменнің көңілінен шығып, ықыласына бөленіп келеді.

Оған дәлел 2021 жылдың 27 ақпанында «Алтайдың Кербұғысы» атанған белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы», «Қош, махаббатым», «Маңдайдан бағың шайқалса» әңгімелерінің желісі бойынша сахналанған «Ауыл хикаялары» драмасының премьерасы өтті. Қоюшы режиссерлер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев, Нұржігіт Муслимов, Әли Бидахметов. Қойылым жүрек түбіндегі ыстық сезімдерді оятып, асыл шақтарыңызды еске алуға, сіз үшін қымбат жандармен тағы да тілдесуге, сырласуға мүмкіндік береді. Орын саны шектеулі, театрға асығыңыз!

ӘЗЕКЕҢ театрының есігі Сіздер үшін әрқашан ашық!

Ал, біз Шабыттан түлеп ұшқан әрбір түлек үшін тақымды қысып, аламанда оза шапқанын, өнердің туын биік ұстап, қырандай қалықтауына  тілекшіміз!!!

БІЗ СЕНДЕРМЕН МАҚТАНАМЫЗ!!!

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR