«Рухани жаңғыру: патриотизм, Қазақстан мәдениеті мен тарихын құрметтеу»

Дөңгелек үстел тақырыбы: «Рухани жаңғыру: патриотизм, Қазақстан мәдениеті мен тарихын құрметтеу»

01.03.2021 ж., Нұр-Сұлтан қаласы

ZOOM платформасы

Кездесудің мақсаты: Студент жастарды патриотизм, Отан сүюге, Қазақстан мәдениеті мен тарихын құрметтеу бағытына тәрбиелеу.

Негізгі бағыттары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жаңғырту және «Алғыс айту» күнінің қоғамдағы маңызын әрі қарай күшейту.

Ұйымдастырушылар: «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасы, кітапхана және «Тәрбие» бөлімі.

Кездесу «Благодарю тебя, мой Казахстан» студенттердің қатысуымен дайындалған видеороликпен басталды. Осы әннің музыкасын жазған Останькович Д.В., сөзі Любовь Галедской.

  1. Модератор: «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Каудырова Айман Оразгалиевна кездесуді ашып, «Алғыс айту» күнімен құттықтап, дөңгелек үстелдің мақсатымен таныстырып өтті.
  2. Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Кеңесінің мүшесі, «Радима» мәдени орталығының Төрағасы, «Музыкатану және фортепиано» факультетінің деканы Останькович Дмитрий Валерьевич баяндама жасады. Ол халықтар достығының маңыздылығы және Қазақстанның көптеген ұлттарға көрсеткен қамқорлығы туралы тоқталып өтті.
  3. «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасының профессоры Бабажанова Жанат Абдуманаповна «Алғыс айту» күнінің маңыздылығы және мәдени тарихымыздың алатын орны, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының принциптеріне шолу жасап, бүгінгі күндегі цифрлық технологиялар, 3 тілді меңгеру заман талабы екеніне және ұлттық код пен ұлттық бірегейлік туралы тоқталып өтті.
  4. Университеттің ақпараттық- кітапхана қызметінің басшысы Исаканова Ғалия Бокеевна кітапхана туралы ақпарат бере отыра, университеттің түлектері, ректорымыз Мусахаджаева Айман Қожабекқызы сияқты Қазақстан елін әлемге танытып отырғаны туралы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «100 жаңа кітап» аясында кітапхана қоры толықтырылып жатқаны туралы ақпарат беріп өтті.
  5. Университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Омарова Жанна Нурхалыковна студенттер мен профессорлық- оқытушылар қауымын «Алғыс айту» күнімен құттықтап, тәрбие іс- шаралары туралы тоқталды.
  6. Бірнеше студент құттықтау сөз алып, пандемия кезінде отбасының құндылығы туралы айта келе, «Отанды сүю отбасынан басталады» деп тұжырымдама жасады.
  7. Тәрбие бөлімінің басшысы Аида Айдархановна университет түлектерінің атынан құттықтап, барлығына денсаулық, істеріне сәттілік тіледі.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR