Мемлекеттік стипендия туралы

Құрметті студенттер!

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларының 2-тарауының 4-тармағына 2008 жылғы 7 ақпандағы N 116 өзгеріс енгізілді-ҚР Үкіметінің 2020.08.05 № 498 қаулысымен.

Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудың (емтихан сессиясының) нәтижелері бойынша «өте жақсы», «жақсы» деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге, интерндерге, магистранттарға тағайындалады.

Мемлекеттік стипендия аралық аттестаттаудан (емтихан сессиясынан) және каникулдардан кейінгі келесі айдың бірінші күнінен бастап академиялық кезең, аралық аттестаттау мен каникул аяқталатын айды қоса алғанда, оның соңына дейін ай сайын төленеді. Бітіруші курстардың білім алушыларына мемлекеттік стипендия білім беру ұйымдарын бітіруіне байланысты оқудан шығарылған күніне дейін төленеді.

Осы тармаққа сәйкес студенттердің академиялық кезеңі (аралық аттестаттау және каникул) қаңтарда аяқталды, сондықтан сіз қаңтар айындағы стипендияны алдыңғы нәтижелер бойынша алдыңыз.

Жаңа стипендия ақпан айынан бастап төленеді.  

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR