Бірінші курс студенттерінің назарына!

Құрметті бірінші курс студенттері!

Міне қиын қабылдау емтихандары аяқталды және Сіздердің Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті болатын тілектеріңіз орындалды, Сіздер үшін сияқты Университет үшін де осы оқу жылының басталуы ерекше, қашықтан және Сіздермен біздің кездесуіміз жоспарланған уақыттан кеш болды.

Сіздер үшін де біз үшін де бұл пандемия уақыты артта қалды деген үміттеміз, ал алдымызда бізді қызықты, шығармашылық студенттік жылдар күтуде.

Әрине, біздің Университет Сіздерге толыққанды студенттік өмір сүруге, шығармашылықпен айналысуға, университеттің мәдени өміріне қатысуға мүмкіндік береді.

Оқудың Сіздерге тұрақты назарды, мықты денсаулықты, шығармашылық шабытты және педагог-студенттің толық ынтымақтастығын талап ететін еңбек екендігін түсіну қажет.

Біздің университетте Сіздерге терең және тұрақты білім алуға, өз потенциалын ашуға және өз ісінің маманы болуға көмек беретін практик-оқытушылар қызмет істейді, бірақ барлығы Сіздің табандылығыңызға, еңбек сүйгіштігіңізге және тәртібіңізге байланысты.

Біз Сіздерді Университет қабырғасында көруге қуанамыз және Сіздердің қалыптасуыңызға көмекші болуға дайынбыз.

Жоғары мақсаттарды қойыңыздар және соған қарай талпыныңыздар.

Сіздерге сәттілік, құрметті Біздің бірінші курс студенттері! Университетте оқыған жылдарыңызды барынша тиімді пайдалануға тілектеспіз. Сізддердің сәттілік жолыңызда шығармашылық жеңістер қатар жүрсін, әрбір жаңа оқу жылы сіздерді басты мақсатыңызға жақындастырсын – өмірде өз орнын табу және елдің мәдени өміріндегі жұлдыздың бірі болу.

Оқуға 1-ші және бітіруші курстардың студенттері шақырылады.

Оқу біріктірілген форматта өтеді: барлық дәріс сабақтары онлайн түрде жалғастырылады, ал практикалық түрдегі сабақтар университет қабырғасында өтеді.

Оқыту 18 қаңтардан басталады
Жатақханаға орналасу 15 қаңтардан басталады
Жатақханаға кіре берісте университет қызметкерінің қолына жазбаша түрде өтінішті жазып қалдырыңыз

Оқу үшін келесі алгоритмдермен танысуды сұраймыз:

Басқа қалалардан келген студенттерге арналған Алгоритм

Жатақханаға өтініш жазу  (өтінішті жазбаша түрде беру)

Жатақханаға өтініштің үлгісі:

Жатақханаға орналасуға арналған алгоритм

Жатақханаға орналасуға дейін екі күн бұрын ПЦР тапсыру (флюорографияның уақыты өтіп кеткен жағдайда өту қажет)

Құрметті студент!
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан №10 емханаға тіркелудің ережелерімен танысыңыз.

Электронды үкімет E-gov порталын компьютер немесе смартфон арқылы қолдану:

  1. ЭЦҚ кілт алыңыз немесе бір реттік құпия сөз, ЖСН көмегімен тіркелуден өту.
  2. Телефон нөмерін енгізіңіз.
  3. «Код алу» таңдауын басамыз.
  4. Смс хабарлама арқылы келген кодты енгізіп, жүйеге кіреміз.
  5. «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіңіз.
  6. «Медициналық көмек» қосымша парағында «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдаңыз.
  7. «Онлайн сұрау» батырмасын басамыз.
  8. Қызметті кімге алғымыз келеді, таңдаймыз- «Өзіңізге»
  9. Ауданды, қаланы, ауылды таңдаймыз.
  10. №10 қалалық емхананы таңдаймыз.
  11. Тіркелудің себебі ретінде «Еркін тіркелу» таңдаймыз.
  12. Медицина қызметкерін таңдаймыз (дәрігер- Мукамбаева Маржан Мукантаевна, 9 аймақ).
  13. Нұр-Сұлтан қ. тұру мекен-жайы – «Алматы»ауданы, Қ.Сәтбаев көшесі 29/1 (Студенттер үйі)
  14. Сұранысты жібереміз.
  15. Сұраныстың қарастырылу мерзімі-1 күн.

Жатақхана ақысын төлеу

Грантта оқитындар үшін төлемақы – айына 4200 теңге, ақылы бөлімде оқитындар үшін – айына 5250 теңге

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ

БСН 981140001115

ЖСК KZ24070105KSN0000000

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитеті» РММ Банкі

БСК KKMFKZ2А

КБК түсім 201501

КНП  911, 979

Мамандықтар үшін аспаптар амортизациясына төлемді жүзеге асыру:

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ

БСН 010340003775

БСК KKMFKZ2А

«ҚР ҚМ Қазыналышық комитеті» ММ

Ақылы қызмет көрсету түрі – 2 (Ақылы қызмет көрсету түрі 002 «Музыкалық аспаптарды пайдалану үшін төлем»)

Счет № KZ390703012400036001

Ақылы бөлімде оқитын студенттер үшін оқу ақысының төлемін жүзеге асыру

ҚР МСМ «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ

БСН 010340003775

БСК KKMFKZ2A

«ҚР ҚМ Қазыналышық комитеті» ММ

Ақылы қызмет көрсету түрі – 13 (өнер мамандықтары бойынша жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша қызмет)

Счет № KZ390703012400036001

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

Барлық студенттерге арналған Алгоритм

Мамандықтар үшін аспаптар амортизациясына төлемді жүзеге асыру:

Реквизиттер

Қашықтан оқуды жалғастыруды қалайтын студенттер өтініш жазу керек (электрондық нұсқаны kaznam98@mail.ru почтасына жіберу).

Жатақханаға өтініштің үлгісін тіркеу (3,4)

Ер азамат білім алушылар Жанат Жумабаевнаға 205 кабинетке барулары керек.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR