ҚазҰӨУ ұжымы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талқылады

Президент мақаласын оқи отырып, ана тіліміздің сондай ғажап, жеңіл әдемі оралымды тіркестермен рух бере алатын бай тіл екеніне тағы бір рет көз жетіп марқайып отырмын, мақала полимодальды ықпал ету: жұрт тілінде рух беретін стильде жазылуымен құнды.
Адамдар ақпаратты сезу мүшелерінің әр түрлі арналары арқылы қабылдайды. Біреуі көру керек, біреуі есту керек, біреуі сезіну, ал кейбіреулері логикалық дәлеледерді талап етеді. Әркімнің өз тілі бар.   Жалпы жұртқа ықпал етуді нұсқайтын модальдік маркерлердің төрт түрі бар:
• визуалды (көру);
• аудиалды (есту);
• кинестетикалық (жанасу және висцералды түйсіну, иістер, дәмдер);
• дискретті (логика).
Заманауи психолингвистикада хабарламаларды түйсінудің әртүрі каналдарына әсер ету үшін – полимодальды қылуды ұсынады. Сонда аудиторияның әрбір сезім мүшелері мазмұнды және сендіретін хабарлама алады.
Президент өз мақаласында  әртүрлі перцептивті модальдіктердің (сезімдер) маркелерін мәтіннің барлық кеңістігінде бірқалыпты деңгейде орналасытындай етіп түрлендіре алған. Қажет болған жағдайда, ол бір маркерлерді бір жерде басым қылса, екінші маркерлерді басқа жерде басым қылады. Мақаланың басында адамдар «құлақ салды», содан соң дәлел-дәйектердің «қисындылығын түсінеді», сөздің шарықтау шегінде «көңілдерінен шығады», ал соңында «келешегін көреді».
Жалпы мақалада раппорт жоғары дәрежеде, байланыс (раппорт) аудиториямен  өзара әрекеттесудің (сәйкесінше, оған әсер етудің) негізгі шарты,   тыңдаушылармен терең сенім мен байланыс орната білу. Бұл байланыс саяси спичрайтингте раппорт деп аталады.
Маған мақаланың эмоционалдық  деңгейде жазылуы қатты ұнады:

Белсенді негатив – орын алған оқиғаны жылдам өзінің қатысуымен түзетуге ықыласын туындатуға жарамды саяси сөз сөйлеудің эмоционалдық бояуы. Мысалы, мақалада Президент «Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді» эмоционалдық-мәтін – туған жерге қол сұққан агрессорларды талқандау ниетін оятады.
Белсенді позитив – жұртты бірлескен, оптимизмге толы іс-әрекеттерге тартатын мәтін, бүгінгі мақаланың белсенді позитив деңгейі өте жоғары.
Шешімділік (іс-әрекет етуге дайындық) –  жоғары қоғамдық-саяси мақсатты жүзеге асыру үшін күштерді біріктіруге аудиторияға үгіттік үндеу жасау. Мақалада Президент «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз -осы» халық үшін өте ірі іс-әрекетке дайындықтың жоғары деңгейі.
Мақаладағы маған қатты әсер еткен тұсы: Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет»  сондай  жүрекке жетіп, сені қатты ойландырып, ұялтып та жіберетін өте жоғары деңгейде жазылған ой. Мысалы,  өте өткір оралымды тіркестер: «Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын» немесе
«Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар»
немесе «Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес».
Тобықтай сөздің түйіні, мақала керемет жазылған, міндетті түрде оқыңыздар! Оқып ғана қоймай, ойларыңызбен бөлісіңіздер

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3831306453584906&id=100001167669194

Мақала авторы: Қарлығаш Атанакова

Жазбаның сілтемесі: https://cloud.mail.ru/stock/2YTJmiCVNZHWUz58rusn3zyg

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR