Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығына сәйкес Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушыларына 17.00.00 – «Өнертану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. Олардың қатарында:
• Бекболат Болатжанұлы Құрманғожаев;
• Меруерт Санатовна Құрманғалиева;
• Серікжан Құтымбетұлы Әбдінұров;
• Асқар Самратұлы Дүйсенбаев;
• Ғайни Сейсеновна Мұхтарова;
• Сара Шәкірқызы Асабаева;
• Дина Азербайджановна Мамбетова
Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы ғылыми атақ иегерлерін шын жүректен құттықтай отырып зор денсаулық, еліміздің білім және ғылым саласында атқарып отырған абыройлы қызметтеріңізде шығармашылық табыс тілейді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/104679?lang=kk https://www.gov.kz/memleket/entities/control/documents/details/103908?lang=kk