«Бұрыңғы жақсылардан өрнек қалған…» атты көркемсурет туындыларының көрмесі

Биылғы 2020 жыл – қазақ елі үшін маңызды жыл. Ұлы қаламгер, философ, ойшыл, ақын-музыкант Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы.

Осы мерейлі салтанатқа байланысты арайлы астанамыздағы Нұр-Сұлтан қаласы Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркемөнер факультет студенттері мен оқытушылардың шығармашылық туындыларының көрмесі – соның айғағы.

Көрмеге эпиграф ретінде Абай өлеңінің бір жолы «Бұрыңғы жақсылардан өрнек қалған..» алынды.

Көрмеде Абайдың портреттері мен қатар Ұлы ақын шығармалары желісі бойынша орындалған кескіндеме, мүсін және сән – қолданбалы өнер туындылары ұсынылды. Мысалы А.Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы бойынша жасалған Құлахметова Айдананың киіз панносы.

ҚазҰӨУ галереясында көркемсурет көрмесін Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры – Омарова Жанна Нұрхалыққызы, ҚазҰӨУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты – Байқоңыр Ижанұлы Ижанов, ЖАК профессоры, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Нұр – Отан ХДП мүшесі – Исмаил Шайкулович Ачилов, PhD докторы, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының доценты, танымал суретші Лейла Болатқызы Махат, ҚазҰӨУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі – Бақытбек Ақажанұлы Мұхаметжанов, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті, белгілі сценограф – Серікжан Балтаев, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының меңгерушісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі, доцент – Байбосын Мұхтар Қайратұлы, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Смағулов Арыстан Серікболұлы салтанатты түрде ашты.

Көрмеде белгілі мүсінші, ҚазҰӨУ профессоры Бахытбек Мухаметжанов өзі жасаған Абайдың бюст портреті мен Абай Құнанбаевтың мұрасы туралы ой қозғады.

«Кескіндеме және мүсін» кафедрасының доценті, Phd докторы, танымал суретші Лейла Болатқызы Махат студенттерді дайындау барысындағы

ұстаздың алатын орны туралы және өзі дайындап жатқан ҚазҰӨУ ЖОО және колледж оқытушылары және білім алушылардың «Ұстаз және шәкірт» атты сурет көрмесін өткізу жаспарымен бөлісті.

Бүгінгі күні факультет құрамында 35-тен астам педагог қызмет етеді және 253 білім алушы дәріс алады. Сонымен қатар магистранттар оқиды.

Көрменің ашылу барысында «Өнерпаз болсаң арқалан…» атты Абайдың 175-жылдығына арналған Халықаралық қашықтықтан өткізу ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысушыларын сертификаттармен марапаттау салтанаты өтті.

Конференцияға ҚазҰӨУ профессорлық – оқытушылық құрамы және магистранттар, студенттермен қатар Өзбекістанның өкілдері, Тәшкен қаласындағы Камолидден Бехзод атындағы Көркем өнер және дизайн ұлттық институт ұстаз – әріптестер белсенді қатысты.

Конференция жинағының тұсау кесерін басылым редакторлары: Көркемөнер факультетінің деканы, философия ғылымдарының кандидаты, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті – Ғайни Сейсенқызы Мұхтарова және философия ғылымдарының кандидаты, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының доценті, басылымның бас редакторы – Асель Алибекқызы Дадырова өткізді.

Факультетті жыл сайын өтетін аталған конференция биылғы жылы тұнғыш рет қашықтықтықтан өткізу форматында Google Classroom платформасында ұйымдастыралды, сонымен қатар оның аясында сценография студенттерінің сандық көрмесі өтті.

Доцент Серікжан Балтаев сандык көрме және бүгінгі күні өзікті мәселе болып саналатын цифрлі білім алу жағдайлары жайлы өз ойларымен көпшілікпен бөлісті.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR