Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мусахаджаева мемлекеттік сыйлық иегерлерін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығы берілді.
Олардың қатарында әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлына  – «Ұлы Дала әдебиеті» тарихи-әдеби зерттеулер жинағы үшін және жазушы-драматург, «Өнертану» кафедрасының професоры Мұқанова Роза Қажығалымқызына,– «Сарра» драматургиялық шығармалар жинағы үшін берілді. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіз еліміздің нығаюына өзіндік қосқан үлесі мол. Осынау игілікті істе қанаттарыңыз талмай, қажыр-қайраттарыңыз қашанда арта берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ тілейміз! Ғылым жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, терең мазмұнды туындыларыңызбен қуанта беріңіздер!
Марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

 

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR