ОКҚ-да «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық деңгейдегі саясаткер» атты халықаралық конференция өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында елордада «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық деңгейдегі саясаткер» халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекетінің негізін қалаудағы рөлі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларының жаһандық әрі тарихи кезеңдегі маңызын талқылау болды.

Конференцияға Қазақ ұлттық өнер университетінен: Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Т.Ж. Егинбаева, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ж.Н. Омарова., «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Домбыра» кафедрасының профессоры Ж.Ә. Жүзбай, ЖАК профессоры ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Театр өнері жəне өнертану» факультетінің деканы А.Қ. Омар.,  жазушы, драматург, «Өнертану» кафедрасының профессоры Р.К. Мұқанова, «Вокал хор эстрада  өнері және музыкалық білім» факультеті декан, профессор А.А. Сметова, «Эстрада өнері» кафедрасының меңгерушісі Б.С. Самединова сынды және т.б. белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Қатысушылар Тұңғыш Президенттің Қазақстан егемендігінің қалыптасуындағы, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудағы және ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде елдің даму басымдықтарын айқындаудағы рөлі мен маңызын атап өтті.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR