ҚазҰӨУ мен Папалық рухани музыка институты арасында ынтымақтастық туралы қол қойылды

«Музыка әртүрлі елдердің мәдениеті мен өнерін біріктіреді»!
Осы жылдың 12 қарашасында Римде (Италия) Қазақ ұлттық өнер университеті мен Папалық рухани музыка институты (Папа академиялық институты, Pontificio institudo di musica sacra, http://www.musicasacra.va/) арасында ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды. Тараптар мәдениет пен өнерді дамыту, қазіргі заманғы мәдени, этникалық және эстетикалық білімді арттыру саласында ынтымақтасуға ниеттенуде.
Құжатқа Қазақстан делегациясының ресми сапарының қорытындысы бойынша ЖОО ректорлары – Айман Мусахаджаева мен Винченсо Де Григорий қол қойды. Папалық рухани музыка институты өнертану, музыкатану, орындаушылық өнер, музыкалық аспаптар, музыка теориясы мен композициясы және т.б. сияқты пәндерді бакалавриат және докторантура бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ететін Еуропаның беделді оқу орындарының бірі болып табылады. Меморандум екі жоғары оқу орнының мәдениет, өнер және ғылым саласындағы байланыстарын нығайтуға бағытталған.
Келісім ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамытуға, студенттермен алмасуға, әкімшілік, техникалық және кеңес беру қызметтерімен тәжірибе алмасуға, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға және т.б. мүмкіндік береді. Бірлескен келісімдердің маңызды құрамдас бөлігі әлемдік ғылыми құндылығы бар бірегей құжаттар мен артефактілерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін Папалық рухани музыка институтының Кітапханасымен байланыстарды нығайту болды.
Айман Мусахаджаеваның айтуынша, меморандум аясында қарастырылған ынтымақтастық деңгейі қазақстандық ғылыми қызметкерлердің біздің еліміз үшін ерекше қызығушылық тудыратын алдыңғы қатарлы зерттеулерге, оның ішінде жаһандық әлемде заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру аясында белсенді қатысуын көздейді.
Tomaso Antonio Vitali-Chaconne
Меморандумға қол қою құрметіне Айман Мусахаджаева Римдегі Ватиканның ең биік ғимаратының төбесінде әйгілі Tomaso Antonio «Vitali-Chaconne» композициясын орындап, айналадағыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Көрермендер әр нотада қонақжайлылық пен еркіндікті, еліміздің бейбітсүйгіштігін білдірген орындаушының шеберлігі мен шығармашылық серпінін жоғары бағалады. Қорытындылай келе, Айман Мусахаджаева барлығына шығармашылық жетістік пен шабыт тіледі!
We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR