«New Music Generation 2020» байқауының қазылар алқасының мүшелері

Рахат-Би Абдысағин (Қазақстан)

Қазылар алқасының төрағасы және көркемдік жетекшісі.

Композитор, пианист, 2 опера және 100-ден астам классикалық музыка туындыларының авторы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И. Чайковский атындағы конкурс жұлдыздары қауымдастығының мүшесі. Қазақстанның «100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы.

Мартин Лоридан (Франция)

Қазылар алқасының мүшесі

Париж консерваториясының түлегі. Rain-Foundation Composition Price, Prix André Jolivet, Vareler Kompositionpreis сияқты халықаралық байқаулардың жүлдегері. Қазіргі уақытта, Лидс университетінде докторлық диссертациясын қорғауда.

Оның жұмыстары «BabelScores» электронды кітапханасында жарияланады.

Юрий Каспаров (Ресей)

Қазылар алқасының мүшесі

РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері

ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері. Францияның «Өнер мен әдебиеттегі еңбегі үшін» орденінің кавалері. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры.

Бэк Джин (Оңтүстік Корея)

Қазылар алқасының мүшесі

Гангбук филармониялық оркестрі (GPO) және Пусан фестиваль оркестрінің көркемдік жетекшісі. Халықаралық Пусан-Мару музыкалық фестивалінің көркемдік жетекшісі. 2004 жылдан бастап Қытай Тяньцзинь симфониялық оркестрінің бас дирижер. 2003-2011 жылдар аралығында Масан филармониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта ол Дунсо университетінің аспирантурасында дирижерлік профессор болып жұмыс істейді.

Эмиль Рибарский (Солтүстік Македония)

Қазылар алқасының мүшесі

2020 жылдың 7 ақпанында Кирилл мен Мефодий университетінде «Фредерик Шопеннің «24 прелюдия СОП. 28»  пьесасындағы пианистік құрылым» тақырыбында қорғап фортепианолық интерпретация докторлық дәрежесін алды. Interfest жастар халықаралық пианистер байқауы, Приштинада өткен Ars Kosova және Interfest-Bitola халықаралық пианистер байқауларының бірінші орын иегері.

Қазіргі уақытта Эмиль Рибарский Скопьедегі «DMBUC – Ilija Nikolovski-Luj» Мемлекеттік музыка мектебінде фортепиано бөлімінің профессоры.

Эрнест Хётцль (Австрия)

Қазылар алқасының мүшесі

Грац музыка университетінің музыка тарихы профессоры. Каринтия музыкалық клубының және Каринтия жастар музыкалық клубының көркемдік жетекшісі. Eurosymphony SFK бас дирижері.

Эрнест Хетцль бүкіл әлем бойынша 80-нен астам оркестрге дирижерлік еткен.

«Австрия Республикасының ғылымы мен өнері үшін құрметті крест», «Австрия Республикасына сіңірген еңбегі үшін алтын медаль», «Штирия провинциясының алтын еңбегі», «Каринтия провинциясының үлкен еңбегі» сияқты марапаттарға ие.

Маттиас Кранэбиттер (Австрия)

Қазылар алқасының мүшесі

Вена музыка және орындаушылық өнер университетінде электроакустикалық композиция, кино және медиа композиция және фортепиано мамандықтарында оқыған. Ван Амстердам консерваториясы және Грац университетінде аспирантураны аяқтаған.

Оның шығармалары Густав Малер атындағы композиция байқауы(2006), Gaudeamus Music Week Amsterdam 2009 және Impuls Composition Competition Graz 2013 жас композиторлар  жобасының 1орындардың иегері.  Ол Австрияның атынан Бельгияда өткен ISCM World New Music 2012 және 2015 жылдары Словенияда өнер көрсетті. Ол SKE Austro Mechana 2013 жариялылық сыйлығымен және Förderungspreis 2014, Kompositionspreis der Landeshauptstadt Stuttgart 2020 және Erste Bank Kompositionspreis Wien Modern/Klangforum Wien 2020.марапатталды.                          

Black Page Orchestra ансамблінің негізін қалаушы.

We are using cookies to give you the best experience. You can find out more about which cookies we are using or switch them off in privacy settings.
AcceptPrivacy Settings

GDPR